Все новости за 28 қазан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Абай – 175: Қарағанды облысында онлайн-айтыс өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының Шет ауданында онлайн-форматта «Артынан өлмейтін сөз қалдырған» айтысы өтуде. Аудан әкімдігі мен жергілікті ақындар бұл айтысты хакім Абайдың 175 жылдығына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Коронавирус. Ресейде "Спутник V" вакцинасын салдырғандар да сырқаттанған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік "Спутник V" вакцинасының сынағынан өткен кейбір ерікті тіркеуден кейінгі зерттеулер кезінде коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург айтты.
-
Тағы бір уәде. Алдағы бес жылда орындалып қалуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы бес жылда Жамбыл облысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілетін болады. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев айтты.
-
Депутаттарға ашық хат жолдайтын сайт іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда азаматтардың депутаттарға тікелей сұрақ қоюына мүмкіндік беретін Salemdeputat.kz сайты іске қосылды.
-
Нұртөре Жүсіп жаңа қызметке сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылар жиналысында Басқарма Төрағасы ауысты. Бұған дейін бұл қызметті Арманжан Байтасов үш жыл атқарған болатын. Бұл туралы бірлестіктің сайты хабарлады.
-
Моңғолия астанасында Ұлы Абай ұлықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Elite» халықаралық мектебінде қазақтың әйгілі ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы Абайы» атты тақырыпта ашық сабақ өтті.
-
Вице-министр Нұрмағамбетов атындағы Әскери институтта болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтына барды.
-
Қостанайда үш жыл бұрын өлген адамның мәйіті құбырдан табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласының ПБ кезекші бөліміне қоңырау түсті. Жеке үйдің иелері септиктен адамның қаңқасын тапқанын хабарлаған. Ерлі-зайыптылар жағымсыз иісті сезіп, кəрізді тазартпақ болған. Алайда күтпеген жағдайға тап болып, тез арада полицияға хабар берген.
-
Түркістан жасыл қалаға айналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында жасыл белдеу қалыптастыру мақсатында биыл 2400 гектар жерді игеру жоспарланып, жыл басынан бері қала маңындағы 1234 гектар жерге 769 мың түп көшет егілді.
-
Елордадағы ірі сауда орындары карантин талаптарын бұзған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау басқармасы, жергілікті полиция қызметі және Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері кезекті рейдке шықты. Бұл жолы бақылаушылар ірі сауда орталықтарын тексерді.
-
Қазіргі кезде мемлекеттік органдарға зор жауапкершілік жүктелді - депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.
-
Қазақстанда жасалған вакцинаны зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан Президентіне 4 жылда 25 мың өтініш түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсіновты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Astana Open. Михаил Кукушкин финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP 250 Astana Open турниріндегі жарыс жолын жеңіспен бастады. Ол бүгін Аргентина құрамасының сапында Дэвик Кубогын жеңген, әлемнің 76-ракеткасы, аргентиналық Федерико Дельбонистен басым түсті.
-
Степногорск әкімдігінде қаржы жымқыру фактілері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Степногорск қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
-
Жетісайда 115 мың тонна мақта жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданындағы мақта алқаптарында жиын-терім жұмыстары қызу жүруде. Қазіргі таңда диқандардың қоймасына 115 мың тонна мақта жиналды.
-
Жамбыл облысы толықтай таза ауыз сумен қашан қамтылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы бес жылда Жамбыл облысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілетін болады.
-
Бейнежетондарды пайдалану ережелеріне қоғамдық бақылау жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Антикор» орталығында «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің бейнетіркегіштердің пайдалануына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы жиын өтті.
-
Шиелі ауданы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына үлес қосып келеді – әкім
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шиелі ауданында мемлекеттік бағдарламалар тиімді іске асырылып жатыр ма? Өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті қандай? Осы мәселелер турасында Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараковпен сұхбаттасқан едік.
-
Кеңестік төлқұжатпен жүрген 236 адам жеке куәлік алды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарда бүгінгі күнге дейін «қызыл» төлқұжатпен жүрген 236 адам құжаттандырылды. Олар осы күнге дейін ескі құжаттармен өмір сүріп келген.
-
Абақтыға тыйым салынған зат кіргізбек болған әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде орын алған.
-
Түркістанда бірнеше ұрлық жасаған қылмыстық топ құрықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Келес АПБ-не жергілікті тұрғын арыз түсірген. Оның айтуынша аудан көшелерінің бірінде орналасқан ойынханасына белгісіз тұлға жасырын түрде кіріп, 4-дана ойын құрылғыларын ұрлап кеткенін көрсеткен.
-
Ұлыбритания мен Италияда ковидтен көз жұмғандардың саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 28 қазанда Ұлыбританияда мамыр айынан бастап COVID-19 инфекциясымен ауыратын адамдардың өлім-жітімінің рекордтық өсімі тіркелді, жұқтырғандар ішінен 367 адам қайтыс болды.
-
Қаржы саласы ерекше ашықтық пен қолжетімділікті талап етеді – Шпекбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қаржы министрлігі басшылығының кездесуі өтті.
-
Психиатр, психотерапевт және психолог қызметі енді қолжетімді болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Николай Негай айтты.
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін egov.kz бұрышы ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін «Галерея» сауда ойын-сауық орталығында электрондық үкіметтің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.
-
BaigeNews.kz «Very nice!» бейнероликтер байқауын жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BaigeNews.kz редакциясы Қазақстан туралы ең үздік «Very nice!» бейнеролигіне байқау жариялады.
-
Коронавирус жүйке жүйесіне әсер ете ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бөлімшесінің басшысы Бақытжан Нұралиев айтты.
-
Психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылыққа көп әйел шыдайды – аға инспектор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова зорлық-зомбылықпен күрес және оның түрлері туралы айтып берді.
-
Есіл өзеніне тағы бір жаңа көпір салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салынады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін жалғасады. Көпір Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік қозғалысын айтарлықтай азайтатын болады.
-
Павлодар облысында 800-ден астам отбасы ЭКО бағдарламасына кезекте тұр
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде 800-ден астам отбасы ЭКО бағдарламасы бойынша квота алуға кезекте тұр. Сәби сүйгісі келген жанұялар 2021 жылы іске асырылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасының қатысушысы атанудан үмітті.
-
ШҚО-да «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 52 жоба қолға алынған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасымен биыл өңірде ауылдардың жағдайын жақсарту бағытында 50-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр.
-
ЕҚЫҰ Қазақстанда өтетін сайлауды байқауға дайындықты бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан 2021 жылғы 10 қаңтарда болатын Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына байланысты Қазақстанға келген ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау бойынша аға кеңесшісі Алексей Громов бастаған Қажеттіліктерді бағалау жөніндегі ЕҚЫҰ миссиясының өкілдерін қабылдады.
-
Егер сіздің банкіңізде техникалық іркіліс болса не істеу қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер сізге қызмет көрсетілетін банктегі техникалық іркілістерді байқаған жағдайда не істеуге болтындығы туралы Fingramota.kz сайты бірнеше кеңес ұсынады.
-
2 мыңнан астам қарағандылық МСҚ-ның мобильді қосымшасын орнатқан
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың ақпанында іске қосылған Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын қазіргі уақытта Қарағанды облысының 2,2 мың тұрғыны қолданады.
-
Енді ЭКО МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты.
-
Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-ның Алғабас ауылында дауыл салдарынан Мәдениет үйінің шатыры жұлынып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО ТЖД хабарлауынша, Алғабас ауылында желдің қатты болғаны соншалық Мәдениет үйінің шатыры жұлынып кеткен.
-
Коронавирус: Еуропа елдері жаппай жабылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада коронавируспен ауырғандар саны көбеюіне байланысты бірқатар мемлекет тиісті шектеу шараларын қабылдауға көшті.
-
Қайта заңбұзушылыққа барған азамат 5 күнге қамалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің қоршауынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған азамат құрықталды.
-
Түркістанда енесінің ақшасын жымқырған келін ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келіні енесінің ұялы телефонын жасырын түрде алып, өз есеп шотына ақша аударып алған.
-
Құтқарушылар Алматы тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды.
-
Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан-Шортаңды» автомобиль жолында музыкалық шу жолақтарын орнатты. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтып өткен жөн.
-
#ГендерLIKE. Ене VS келін. Ұрпақтарды сабақтастыруға бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Гендерlike» интернет жобасының кезекті шығарылымында келін мен ененің қарым-қатынасы, қыз бен жігіттің қоғамдағы міндеті мен «салмағы», жігіттердің түсінігі сынды тақырыптар талқыланды.
-
Экономист болса, сиыр мен жылқы, тауықты қайдан білсін. Нығматулин вице-министрден емтихан алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте жаңа экологиялық кодекс қабылданды. Заң жобасын талқылау кезінде біраз қызу әңгіме болды.
-
ИИДМ: Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қатысты жалған ақпарат таратылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік құрастыру туралы қолданыстағы келісімдерге қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда.
-
Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетін заманауи талаптарға сай шығаруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.
-
Апта соңында күн жылиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың 98% ПТР анықтамасы бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазан күні түнде еліміздің әуежайларына 7 халықаралық әуе рейсімен 652 жолаушы келді.
-
Алматыда табиғатты қоқыстан тазартуға арналған көрме ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының өнер мемлекеттік мұражайында «Бұл таңғажайып әрі нәзік әлем» атты көрме ашылды.
-
Kaspi.kz. Желідегі әзіл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін тұрғындардың көбі әлеуметтік желіде Kaspi.kz. қосымшасының істен шыққанына қатысты пікір жазды. Олардың шотындағы ақша не азайып, не көбейіп кеткен.
-
Қазақстанда 10 мұнай-газ жер қойнауы аукцион арқылы сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы 10 мұнай және газ жер қойнауы учаскелері онлайн аукцион арқылы сатылатыны туралы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова хабарлады.
-
«Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды» деген ақпарат жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қазақстандық тележурналист, продюсер Серік Абас-шах өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасында хабарланды.
-
Сыбайлас жемқорлық мемлекет имиджіне қалай әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінде өткен онлайн брифингінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының директоры, еліміздің бірінші Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов айтты.
-
БЖБ мен ТЖБ. Оқушыға салмақ түсірмеу керек - БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова тоқсандық жиынтық бақылау қатысты өткен брифинг кезінде айтты.
-
Университеті жабылып қалған студенттер басқа ЖОО-ға ауыса алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
ДДСҰ коронавирустың рекордтық өсімін тіркеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір апта ішінде әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 2,8 миллион адамға өсті. Жағдайлардың көпшілігі АҚШ, Үндістан және Францияда анықталған.
-
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.
-
Қазақстанда «музыкалық жол» пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан-Шортаңды» автомобиль жолында музыкалық шу жолақтарын орнатты. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтып өткен жөн.
-
Экологиялық кодексті тауық пен сиырды ажырата алмайтын адам жазған - Нығматулин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин экологиялық кодексті жазған адамдарға шүйлікті.
-
Түркістанда дін өкілдері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай бүгін Түркістан қаласында жиын өтті.
-
Жаңа экологиялық кодексте қоғам өкілдеріне көп мүмкіндік берілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодексті таныстырды.
-
Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердің эпидемиологиялық жағдайы және коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығымен танысу мақсатында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысында болды.
-
Клиенттердің ақшасы жеке шоттарында сақтаулы тұр – Kaspi.kz
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kaspi.kz қосымшадағы техникалық ақауларды ретке келтіруде, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
-
Аса күрделі жағдайда ғалымдар мен профессорлар жамбылдық дәрігерлерге онлайн-кеңес береді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тура сол бастапқыдай, «Коронавирустың екінші толқыны деген бос сөз» деп сақтық шараларын қаперден шығарып, еркінсіп кеткен сияқтымыз. Ал мамандар елде біраз уақыт қатер сейілгендей көрінгенімен, әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың алаңдатарлықтай жағдайда екенін айтады.
-
«Шаңырақ» бағдарламасына 2020 жылы кезекке тұрғандар да қатыса алады
Өтініш беру мерзімі 2020 жылдың 28 қазанынан басталады.
-
Кибершабуыл. Kaspi.kz-ке не болды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Таңертең әлеуметтік желі қолданушылары Kaspi.kz шотындағы ақшасының азайғанын, не көбейгені туралы жазды.
-
Электрондық еңбек биржасында 176 мың вакансия орналастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың III тоқсанында Электрондық еңбек биржасында білікті қызметкерлер үшін 176 мың вакансия орналастырылған. Бұл II тоқсанға қарағанда 20,1 мыңға және I тоқсанға қарағанда 48,9 мыңға көп.
-
Мəдениет министрлігі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-мен меморандумға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Əділ Мұхамеджанов «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде меморандумға қол қойды.
-
COVID-19: 126 адамның жағдайы нашар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 114 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 274 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 28 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
Жаңа Алматы қалай абаттандырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданына жұмыс сапары кезінде қоғамдық кеңістіктердің абаттандырылу барысымен және инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуімен танысты.
-
НУ профессоры қатерлі ісікке қарсы дәрі әзірлеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық-америкалық биолог және Назарбаев Университетінің ғалымы Дос Сарбасов мутацияланған қатерлі ісік жасушаларын өздігінен жоюға мүмкіндік беретін дәріні әзірлеуді аяқтауда.
-
Жамбыл облысында карантин талаптары жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында карантин жеңілдетілді. Мұндай шешім өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың біршама тұрақталуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
-
117 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 117 адам коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 148 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 148 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus.kz.
-
Қостанай облысында 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова өңірдік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті.
-
28 қазанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
-
Алматыда ангардан шыққан өрттен 9 көлік жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Car City жанындағы ангардан шыққан ірі өрттің салдарынан тоғыз көлік жанып кеткен. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шығыс Қазақстанда карантин күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында карантин қатаңдатылып, бірқатар шектеулер енгізілді.
-
Нұрлан Сабуров Ресейдегі ең бай блогер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Стендап-комик Нұрлан Сабуров мен "Что было дальше?" шоуындағы әріптестері Ресейде ең бай YouTube-блогерлер атанды. Рейтингіні Forbes журналы жариялады.
-
Шетелдіктер «Борат-2» фильміне сеніп жүр - Польшада оқитын студент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Борат-2" фильмінің флешмобы әлем елдерін аралап кетті. Оны өз көзімен көрген Польшада оқитын қазақстандық студент қолынан келер қайран болмағанына өкінішін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz.
-
Шет елден Қазақстанға келген 39 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстанда 1 қазаннан бері шетелден келген 39 адамнан коронавирус анықталғанын айтты.
-
Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет»РМК.
Наверх