Клиенттердің ақшасы жеке шоттарында сақтаулы тұр – Kaspi.kz

28 Қазан 2020, 10:50
2816
Бөлісу:
Клиенттердің ақшасы жеке шоттарында сақтаулы тұр – Kaspi.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Kaspi.kz қосымшадағы техникалық ақауларды ретке келтіруде, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. 

28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Нәтижесінде  клиенттердің шоттарындағы қаржы көлемін қате көрсетуде. Өкінішке қарай, картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша шешу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қолжетімсіз. Компания барлығын тез арада қалыпқа келтіру үшін жұмыс жасауда, - делінген хабарламада.  

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екендігі туралы жалған ақпарат тарады.  

Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз, клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі, - дейді баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, таңертең әлеуметтік желі қолданушылары Kaspi.kz шотындағы ақшасының азайғанын, не көбейгені туралы жазды.
Өзгелердің жаңалығы