Бейнежетондарды пайдалану ережелеріне қоғамдық бақылау жүргізілді

28 Қазан 2020, 19:21
1064
Бөлісу:
Бейнежетондарды пайдалану ережелеріне қоғамдық бақылау жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Антикор» орталығында «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің бейнетіркегіштердің пайдалануына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы жиын өтті.

Талапқа сәйкес, көліктік бақылау инспекторы көлік келіп тоқтаған сәттен бастап салмағын өлшеу, қажет жағдайда әкімшілік хаттама толтыру барысын толықтай бейнетіркегішке түсіруі қажет.

Алайда, қоғамдық бақылау барысында көліктік бақылау инспекторы бейнежетонды жұмыс уақыты басталған сәттен бастап қоспайтындығы анықталды. Тек дау туындамас үшін көліктің салмағын өлшеу кезінде түсіріп алады. Қалған уақытта жүргізушілермен бейнетіркегішсіз байланысқа түсе береді. Осындай олқылықтар Қордай ауданында орналасқан бекетте де орын алған. Келтірілген кемшіліктер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы ықтимал деген күмән тудырады. Өйткені жұмыс барысында қажетсіз деп тапқан бейнетүсірілімді өшірмейтініне кепілдік жоқ, – дейді «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері.

.

Өзгелердің жаңалығы