Жаңа экологиялық кодексте қоғам өкілдеріне көп мүмкіндік берілген

28 Қазан 2020, 11:08
1503
Бөлісу:
Жаңа экологиялық кодексте қоғам өкілдеріне көп мүмкіндік берілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодексті таныстырды.

Кодексте қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауы тиіс. Экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндетті, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, қоғам өкілдері қоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңдеріне қатысады екен.

Ол 4 кезеңді қамтиды. Біріншісі - ниет туралы өтініш, екіншісі - қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласы, үшіншісі - қоршаған ортаға әсерді бағалаудың есебі, төртіншісі - қоршаған ортаға әсерді бағалаудың нәтижелері туралы қорытынды. Міндетті түрде бірінші санаттағы объектілердің қоршаған ортаға әсері бағаланады. Ал екінші санаттағы объектілер скринингтен өтеді. Яғни, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу қажет немесе қажет емес екендігі анықталады,- дейді министр.

Ал үшінші санаттағы объектілер бойынша декларация қабылданады екен (қоймалар, жиһаз цехтары, бетон өңдеу тораптары және қызметі жергілікті, қоршаған ортаны ластаудың елеусіз сипатындағы өзге де объектілер). Төртінші санаттағы объектілер реттеуден толық босатылған (автожуу, СТО, қоғамдық тамақтану объектілері, қуаттылығы аз қазандық қондырғылары бар микробизнес объектілері) көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы