Павлодар облысында 800-ден астам отбасы ЭКО бағдарламасына кезекте тұр

28 Қазан 2020, 17:00
1823
Бөлісу:
Павлодар облысында 800-ден астам отбасы ЭКО бағдарламасына кезекте тұр
Фото: автордан

 

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде 800-ден астам отбасы ЭКО бағдарламасы бойынша квота алуға кезекте тұр. Сәби сүйгісі келген жанұялар 2021 жылы іске асырылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасының қатысушысы атанудан үмітті.

Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасының жанындағы репродуктивті денсаулық орталығының гениколог-репродуктологі Ғалия Мұқажанованың айтуынша, бес жыл бұрын ашылған мекеме мамандарының көмегіне 1,5 бедеу отбасы жүгінген. Нәтижесінде 200 жанұя балалы болды.
 

Бүгінде бедеулік тек әйелдерге қатысты емес, ерлерге де қатысты өзекті мәселе. Бедеулік екі жақтан болады. Нақтырақ айтқанда, себептің 40%-ы - ерлерге қатысты фактор. Ал 45%-ы - әйелдердің факторлары. Ем барысында бедеуліктің себептері анықталмауы да мүмкін. Ол «идиопатикалық этиология» деп аталады. Олар балалы болғысы келсе, қатар емделген дұрыс. Бедеулік үкім емес. Оны емдеуге болады. Биылғы жылы ЭКО бағдарламасы бойынша облысқа 46 квота бөлінді. Бұл өте аз, себебі, есепте тұрған отбасылардың саны жыл сайын артып келеді, - дейді Ғалия Мұқажанова.
 

Мамандардың айтуынша, бедеулік жасарып келеді. Бүгінде репродуктивті ауытқулары бар ерлердің орташа жасы 30-ға кеміген.
 

Облыстық ауруханы репродуктивті денсаулық және пренатальді диагностика бөлімінің меңгерушісі, андролог-уролог Андрей Дубининнің айтуынша, отбасылық өмірдің алғашқы жылы емдеуден өткен дұрыс.

Отбасы бір жыл ішінде бала көрмесе, емдеуді көп созбай бастаған жөн. Ерлер бедеулігінің негізгі себептеріне жыныстық инфекциялар, гормоналдық ауытқулар мен генетикалық патологиялар жатады. Соңғы уақытта ер азаматтар ұялмай, урологтің қабылдауына келіп жүр. Бұл - жақсы үрдіс. Осыдан шамамен бес жыл бұрын 8-10 жыл некеде болған азаматтар келетін. Енді айтарлықтай ертең кезеңде емделуді мақсат етеді, - дейді Андрей Дубинин.
 

Айта кетейік, облысқа экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасына 335 квота қарастырылған. Нәтижесінде 115 бала туды. Олардың 17-сі - егіз, үшеуі - үшем. Нәтижелігі 42%-ға жетеді.

Өкінішке қарай, өңірде бедеу отбасылар саны артуда. Облыстағы медициналық ұйымдардың диспансерлік есебінде екі мыңнан астам отбасы тұр.


 

 

Өзгелердің жаңалығы