Вице-министр Нұрмағамбетов атындағы Әскери институтта болды

28 Қазан 2020, 21:52
1440
Бөлісу:
Вице-министр Нұрмағамбетов атындағы Әскери институтта болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтына барды.

Жоғары оқу орындарының бастықтары генерал-майор Дулат Адырбеков пен Асқар Мұстабеков министрдің орынбасарына оқу орындарындағы жұмыстардың ағымдағы жағдайы туралы баяндады.

Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құраммен кездесу өтті.

Жұмыс сапары барысында Тимур Дәндібаев санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер жағдайындағы оқу жүйесін, оқу-материалдық базаның жай-күйін, оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуын тексерді. Министрдің орынбасары оқу техникасы мен қару-жарақ үлгілерін, оқу-әдістемелік бөлмелердің, кафедралардың, зертханалардың, кітапханалардың жабдықтары мен жаттығу кешендерін қарады.

Кездесудің қорытындысы бойынша оқу жүйесінің мазмұнын одан әрі жетілдіру, әскери кадрларды даярлау сапасын арттыру жөнінде нұсқаулар берілді.

Өзгелердің жаңалығы