Ұлыбритания мен Италияда ковидтен көз жұмғандардың саны артты

28 Қазан 2020, 18:20
1223
Бөлісу:
Ұлыбритания мен Италияда ковидтен көз жұмғандардың саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 28 қазанда  Ұлыбританияда мамыр айынан бастап COVID-19 инфекциясымен ауыратын адамдардың өлім-жітімінің рекордтық өсімі тіркелді,  жұқтырғандар ішінен 367 адам қайтыс болды. 

Сонымен қатар, мұнда тәулігіне COVID-19 инфекциясының 22 мың 885 жағдайы анықталды.

Ал Италияда бір тәулікте COVID-19 жұқтырған 221 адам қайтыс болды. Бұл 15 мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, 27 қазанда коронавирус жұқтырған 21 мың 944 адам анықталды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 5 мың жағдайға көп.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты,  дүйсенбіден бастап Италия үкіметі шектеулерді күшейтті: елдегі барлық кинотеатрлар, театрлар және спорт залдар мен бассейндер жабық тұр.


Өзгелердің жаңалығы