БЖБ мен ТЖБ. Оқушыға салмақ түсірмеу керек - БҒМ

28 Қазан 2020, 12:18
12379
Бөлісу:
БЖБ мен ТЖБ. Оқушыға салмақ түсірмеу керек - БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова тоқсандық жиынтық бақылау қатысты өткен брифинг кезінде айтты.

Ол бірінші тоқсан аяқталуға жақындап, барлық мектепте жиынтық бағалау жұмысы бөлім бойынша өтіп жатқанын айтты.

Қашықтан оқыту кезіндегі жиынтық бағалау бойынша 2-11 сыныптарда аптасына 2 және одан да көп апталық жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиықтық бағалау жүргізіледі. Сонымен қатар, 2-11 сыныптарда аптасына 1 сағат оқу жүктемесі болатын оқу пәндері бойынша формативті бағалау, бөлім бойынша жиықтық бағалау жүргізіледі және баға жарты жылдыққа қойылады. Оларда ТЖБ жүргізілмейді. 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістігі бағаланбайды және жылдық баға қойылмайды, - деп атап өтті Майра Мелдебекова.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдарында оқу пәндері, күні және уақыты көрсетілген БЖБ мен ТЖБ өткізу кестесі жасалады.

Кестені мектеп директорларының орынбасарлары пән мұғалімдеріне түсіндіріп, жеткізіп отырады. Сонымен қатар, БЖБ мен ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық бағалаудан аспауы керек. Мұны мұқият сақтау керек. Себебі оқушыға салмақ түсірмеу керек. 2-4 сыныптарға БЖБ мен ТЖБ уақыты реттелмейді, сондай-ақ 2 тапсырмадан артық және күрделі тапсырмалар берілмеуі керек. Сондай-ақ, 5-11 сыныптарға 3 оқу тапсырмасынан аспайтындай жұмыстар берілуі керек. Әр берілген жұмыс күрделі болуы қажет. БЖБ мен ТЖБ оқу жылының соңына дейін электронды форматта сақталады. Бұл бойынша да көп сұрақтар туындап жүр. Кей мектеп әкімшіліктері оны қағаз түрінде шығарып, сақтау керектігін айтады екен. Олай дұрыс емес, электронды түрде дайындалғаннан кейін солай сақтауға болады, - деді ол.

Күнделік жүйесінде бағалар қойылады.

Қазір қашықтан оқыту кезінде формативті бағалау енгізілгенін бәріміз білеміз. Мұның себебі оқушы мен педагогтың арасындағы тығыз байланыс қашықтан болғандықтан формативті бағалауды да белгілеп, нәтижесін көрсетіп отыратындай етіп жасадық, - дейді Мелдебекова.

Өзгелердің жаңалығы