Коронавирус. Ресейде "Спутник V" вакцинасын салдырғандар да сырқаттанған

28 Қазан 2020, 23:05
1148
Бөлісу:
Коронавирус. Ресейде "Спутник V" вакцинасын салдырғандар да сырқаттанған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік "Спутник V" вакцинасының сынағынан өткен кейбір ерікті тіркеуден кейінгі зерттеулер кезінде коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург айтты.

radiosputnik.ria.ru агенттігінің мәліметіне сәйкес, Гинцбург еріктілерге плацебо берілуі мүмкін екенін айтады, бұл туралы қарашада белгілі болады.

Оның айтуынша, зерттеуге қатысатын еріктілердің жартысы вакцинаның бірінші компонентін алды, тоғыз мыңға жуығы екінші рет вакцинацияланған.

Тамызда Ресей Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-дың алдын алу бойынша дүние жүзіндегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Оны Гамалея атындағы Эпидемилогия мен микробиология ғылыми-зерттеу орталығы және Ресейдің тікелей инвестициялар қоры бірлесіп жасаған. Вакцина "Спутник V" деп аталған еді.

Өзгелердің жаңалығы