Депутаттарға ашық хат жолдайтын сайт іске қосылды

28 Қазан 2020, 22:39
1930
Бөлісу:
Депутаттарға ашық хат жолдайтын сайт іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда азаматтардың депутаттарға тікелей сұрақ қоюына мүмкіндік беретін Salemdeputat.kz сайты іске қосылды. 

Жобаны ұйымдастырған “Zertteu Research Іnstitute” қоғамдық қорының хабарлауынша, бұл сайт арқылы облыс мәслихатының не парламент мәжілісінің депутатына электронды ашықхат жіберуге болады.

Құрметті сайт қолданушысы! Жылда, күзде ҚР Парламенті мен мәслихаттарда келесі жылғы бюджеттің жобасы қаралады. Сізді Salemdeputat жобасына қатысуға шақырамыз! Сайт көмегімен өз депутатыңызға ашықхат жолдап, елдің, қалаңыздың, ауданыңыздың және ауылыңыздың бюджеті туралы сұрақ қоя аласыз! - дейді сайт жасаушылар.

Жоба бастамашылары барлық облыс мәслихаттарынан депутаттардың электронды мекенжайын беруді сұраған.

– Мәслихаттардың 70 пайызы оң көзқарас танытты. Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының мәслихаттары депутаттардың электронды пошталарын жеке бас мәліметі деп санады. Біз сайлаушылармен байланыс болуы үшін әсіресе цифрландыру дәуірінде мәслихат депутаттарының жұмыс және электронды мекенжайы нақты жариялануы тиіс деп санаймыз. Мәселен, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттары депутаттардың электронды пошталарын сайттарында көрсеткен, бұл халық қалаулыларымен тікелей байланысуға мүмкіндік береді. Кейбіреулері мәслихаттың корпоративтік пошта мекенжайын берді. [Мәслихатта] "осы мекенжайға жіберіңдер, әрі қарай кімге жөнелтуді өзіміз шешеміз" деді, - дейді "Zertteu Research Institute" сарапшысы Ғалымжан Оразымбет Азаттыққа берген сұхбатында.
Өзгелердің жаңалығы