Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетін заманауи талаптарға сай шығаруды тапсырды

28 Қазан 2020, 13:57
1870
Бөлісу:
Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетін заманауи талаптарға сай шығаруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Егемен Қазақстан» газетінің ағымдағы қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндалды.

Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетін заманауи талаптарға сай шығаруды тапсырды

Дархан Қыдырәлі Президентке коронавирус пандемиясы кезінде қолға алынған жаңа жобалар туралы айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Халықаралық Түркі Академиясының биыл атқарылған жұмыстары туралы да мәлімет берілді. Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ұлы ақынның аударылып, жарық көрген шығармалары, әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында өткізілген халықаралық ірі жиындар мен конференциялар, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында жарық көрген жаңа кітаптар жөнінде толық ақпарат берілді, - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетін заманауи талаптарға сай шығарып, Халықаралық Түркі Академиясының жұмысын одан әрі ілгерілете беруді тапсырды.


Өзгелердің жаңалығы