Astana Open. Михаил Кукушкин финалға шықты

28 Қазан 2020, 20:13
1297
Бөлісу:
Astana Open. Михаил Кукушкин финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP 250 Astana Open турниріндегі жарыс жолын жеңіспен бастады. Ол бүгін Аргентина құрамасының сапында Дэвик Кубогын жеңген, әлемнің 76-ракеткасы, аргентиналық Федерико Дельбонистен басым түсті.

Кукушкин бірінші сетті өзіне сенімді бастады, ол ойынға қосылған допты жеңіл қайтарып отырды. Солақай аргентиналық теннисші форхэнд әдісімен айласын асыруға тырысты және сет ортасында алғашқы брейкке қол жеткізді. Тізгінді босатудан бас тартқан Кукушкин барын салды, көп ұзамай кері брэйктің куәсі болдық. Партия соңына қарай екі мықтының кездесуі қыза түсті. Бірінші сет тай-брейкке ұласты, бұл бөлімде қысқа есеппен Дельбонис басым болды.

Екінші сеттің басында Кукушкин қарсыласын өз ойын өрнегіне, өзі үйренген жылдам доп алмасуларға көндірді. Нәтижесінде аргентина теннисшісіне еш амал қалдырмаған жерлесіміз брейктен алға шығып, соңына дейін жеңісті уысынан шығарған жоқ.

Шешуші сетте Михаил Кукушкин үшінші геймде қарсыластың доп беру құқығын тартып алды. Келесі геймді де Кукушкин өз пайдасына қарай өрбітті, келесі брейк қазақстандықтың жеңіске жетуге сенімділігін арттыра түсті. Есеп: 6:7 (5:7), 6:3, 6:2.

В 1/8 финалда Михаил Кукушкин турнирдің бірінші нөмірі Бенуа Пэрмен ойнайды

Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 275 мың доллар. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс жанкүйерсіз өтіп жатыр, Матчтардың барлық трансляциясы QAZSPORT арнасы арқылы таратылады.

Өзгелердің жаңалығы