Степногорск әкімдігінде қаржы жымқыру фактілері анықталды

28 Қазан 2020, 19:59
1321
Бөлісу:
Степногорск әкімдігінде қаржы жымқыру фактілері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Степногорск қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуді өткізуге қала әкімдігі қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ҚПК-нің 200-бабы негізінде енгізілген ұсынулары себеп болды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органының маманы өз басшысының ЭЦҚ арқылы бюджет қаражатын жалақы түрінде өзінің карт-шотына заңсыз аударғаны анықталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік мекеменің шотынан өз карт-шотына жалақыны заңсыз артық аудару жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Степногорск әкімдігі бөлімдерінің бірінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ақпарат әкімдік қызметкерлерінің назарына жеткізілді.

Осы Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде немқұрайлылық, бірқатар заңнамалық актілердің талаптарын өрескел бұзу, ҚР заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің болмауы ықпал етті.

Кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа енгізілімдер туралы хабардар етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сіздің өңіріңіздегі лауазымды тұлғалардың бірнеше рет сыбайлас жемқорлық фактілері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың әлсіздігін көрсетеді. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Бұл жерде формалды тәсілге жол бермеу керек, шараларды қабылдамағаны немесе тиісінше қабылдамағаны үшін бірінші басшылар жауапты, - деді Мұрат Төлеубаев.
Өзгелердің жаңалығы