ИИДМ: Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қатысты жалған ақпарат таратылуда

28 Қазан 2020, 14:13
1222
Бөлісу:
ИИДМ: Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қатысты жалған ақпарат таратылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік құрастыру туралы қолданыстағы келісімдерге қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2010 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен СарыарқаАвтоПром ЖШС арасында 8 жыл мерзімге 8703 ТНВЭД коды бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылғанын хабарлайды. Осылайша, келісімнің қолданылу мерзімі 2018 жылғы 25 маусымда аяқталды.

Шанақты дәнекерлеу және бояу жөніндегі операцияларды қоса алғанда, өнеркәсіптік құрастыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімі 2017 жылғы 25 маусымда (келісімге қол қойылған сәттен бастап 84 ай) белгіленген, бұған жабдықты пайдалануға беру актілері және ретке келтірілген CKD-өндіру процесі дәлел бола алады, - делінген ИИДМ хабарламасында.

Кәсіпорын өнеркәсіптік құрастыруды ұйымдастыру бойынша міндеттемелерін талап етілетін мерзімнен бұрын - 2014 жылғы 24 ақпанда орындады.


Өзгелердің жаңалығы