Нұрлан Сабуров Ресейдегі ең бай блогер атанды

28 Қазан 2020, 04:38
1478
Бөлісу:
Нұрлан Сабуров Ресейдегі ең бай блогер атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Стендап-комик Нұрлан Сабуров пен "Что было дальше?" шоуындағы әріптестері Ресейде ең бай YouTube-блогерлер атанды. Рейтингіні Forbes журналы жариялады.

Басылым мәліметінше, қазақстандық әзілкеш LABELCOM-мен бірге жарнамадан 3,5 миллион доллар пайда тапқан. "Что было дальше?" шоуына жарнама жасайтындар бірнеше ай кезекте тұрады екен. Жарнама берушілер қатарында "Газпром Нефть" және Samsung бар. 

Екінші орында блогер Валентин Петуховтың гаджеттер туралы Wylsacom каналы. Оның жарнамадан түсетін табысы 3,4 миллион доллардан асқан. Канал смартфондар, компьютер мен техника өндірушілерін жарнамалайды, сонымен қатар Петухов "Сбер" және "Мегафонмен" келісімшарт жасасқан. 

Үшінші орында әзілкеш Александр Гудковтың "Чикен Карри" каналы тұр. Әзілкештің ең танымал шоуы - Владимир Маркони жүргізетін Comment Out. Гудковтың интернет-жобасының табысы - 1,13 миллион доллар. 

Төртінші және бесінші орындарда журналист Юрий Дудь пен актер Антон Лапенко тұр. Олардың әрқайсы бір миллион долларға жуық пайда тапқан.

Өзгелердің жаңалығы