Все новости за 8 қазан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
«Еңбектің» наны тәтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - «Еңбек» бағдарламасы) іске асыру аясында бөлінген гранттар мен шағын несиелер арқасында Ақмола облысының тұрғындары табысты түрде бизнес бастауда.
-
Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін кейінге қалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегін кейінге шегерді.
-
Тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың төрағалығымен, уәкілетті органның өкілдері және тұтынушылардың қоғамдық ұйымдардың қатысуымен онлайн-конференция өтті.
-
Жыл соңына дейін елорданың барлық мектебіне камера орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл соңына дейін елордадағы мемлекеттік қызметтерді 100% цифрландыру жоспарлануда. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек атап өтті.
-
Мәсімов пен Суваналиев телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы міндетін атқарушы Өмүрбек Суваналиев телефон арқылы сөйлесті.
-
Қазақстан мен Словакия әріптестігінің жаңа кезеңі сөз болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Globsec» 15-ші халықаралық форумына қатысу шеңберінде Словакияның сыртқы және еуропалық істер Министрі Иван Корчокпен және Қорғаныс министрі Ярослав Надьпен келіссөздер жүргізді.
-
Жылына 750 млн алюминий қаптама шығаратын зауыт салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «KazAlPack» компаниясының жеңіл металдардан (алюминиялық банкі) жасалған қаптама өндіру бойынша Орталық Азиядағы тұңғыш зауыт құрылысының капсуласын салды.
-
Көлік салығын қалай төлеуге болады?
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
-
Цой ЮНИСЕФ өкілімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизенмен кездесті.
-
Aspara Fashion Week: отандық дизайнерлер өнімдерін өзге елде танытады
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Әлемнің қырық елінің жүзге тарта дизайнерлері мен Еуропа және Азия сән апталығының басшылары «Aspara fashion week Merke» сән апталығының 6-шы маусымының ашылуына орай онлайн форматта бас қосты.
-
Елорданың егіз полицейлері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың ПД Сарыарқа ауданының Полиция басқармасында егіздердің үш жұбы қызмет етеді. Олар туралы мақала ҚР ІІМ ведомстволық “Saqshy” газетінде жарияланған болатын.
-
Жылқыларды ұрлап, сойып алған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгісіз біреулердің еркін жайылымнан екі бас жылқысын ұрлап кеткені туралы Жарма аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығының иесі арызданған.
-
СІМ Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға байланысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз, деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми сайты.
-
Таразда тұңғыш рет созылмалы жүрек дертіне ота жасалды
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Стастикалық мәліметтерге сүйенсек, жер бетіндегі 6,5 миллион шамасындағы адам созылмалы жүрек жетіспеушілігінен зардап шегеді екен. Ал бір жылда бұл сырқатпен ауырған 960 мың жан тіркеледі. Жамбыл облысында осындай есепте тұрған 500 науқас бар.
-
Атыраудан сармат жауынгерінің сүйегі табылды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі . Атырау облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде темір сауытты жауынгердің мүрдесі табылды. Бұл сарматтар тайпасының батыры болуы мүмкін дейді ғалымдар. Сүйек бүлінбестен, сауыт-сайманы сол күйі сақталған. Мүрде жанында жауынгердің 1 метр семсері мен ат әбзелдері бірге жерленген. Сонымен қатар денесінде алтын, күмістен жасалған бұйымдар да бар.
-
Пандемия балық шаруашылығына қалай әсер етті?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясы кезінде балық шаруашылығымен айналысатындар неден қиналды? Жалпы елімізде балық шаруашылығы қалай дамып жатыр? Бұл салада кадрларды дайындау жұмысы қалай жүруде? Балық өсіруде Қазақстанның әлеуеті қандай? Осы және басқа да сұрақтарға Есік форель шаруашылығының директоры Марлен Тұрсынәлі жауап берді.
-
Мамин Ресейдің ірі компанияларымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулер өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі ү. ж. 7 қазандағы кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты шаралар әзірленді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Түркістанда көпқабатты тұрғын үйлер қысқы маусымға толық дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 003,3 мың тоннаны құраса, бүгінде соның 600,2 мың тоннасы немесе 60%-ы тасымалданған.
-
Ұжымдық шарттың жоқтығынан еңбек даулары орын алады – депутат
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Қай қоғамда, қай уақытта болсын, ең басты фактор – адам, ал өмірдің мәні өркениет өлшемдері арқылы айқындалады. Оның еркі, күш-жігері, табандылығы мен білімі – жақсы өмір сүруінің кепілі. Бұл еңбек адамына тән қадір-қасиет болуы керек.
-
Сыбайлас жемқорлық тақырыбына қатысты сарапшылар конкурсы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа НҚА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үздік сарапшылар тартылатын болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президентке талшықты-оптикалық желі құрылысы туралы баяндалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
«Сергектің» арқасында елордада жол апаты саны екі есе азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында қоғамдық қауіпсіздік және «Сергек» камераларының тиімділігі туралы айтты.
-
#ГендерLIKE. Неге еркекке кешірілетін нәрсе әйелге кешірілмейді? (ТҰСАУКЕСЕР)
«ГендерLIKE» жобасы – гендерлік теңсіздік, әйел бақыты, нәзік жандылардың отбасы мен мансапты бірге алып жүруі, салт пен заман қарама-қайшылығы, махаббат төңірегінде тосылмай, өткір мәселелерді талқылайтын еркін алаң.
-
Алматыда қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қашықтан оқыту мәселелері бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді.
-
Алматылық оқушылар II тоқсанда қалай оқиды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық білім басқармасы пандемияға байланысты эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда мектеп оқушылары қалай білім алатындығын айтты.
-
Студенттер ЖОО-ға жұмысқа орналасқаны туралы анықтама тапсыруға міндетті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КЕАҚ ректоры Ерлан Сыдықов Жоғары білім сапасын арттыру туралы өткен онлайн брифинг барысында жауап берді.
-
Қабатов өлімге әкелген жол апатына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлігін көмекшісіне берген Тұрсынбек Қабатовтың басы дауға қалды, деп жазды arasha.kz.
-
«Төрт аяқты» полицей зейнетке шықты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі кинологиялық қызметтің мамандары Рио есімді «төрт аяқты» полицейді құрметті демалысқа шығарып салды.
-
Артық лицензиясы бар, студент саны аз университет анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тексеру барысында талаптарға сай келмейтін 10-ға жуық университет анықталды.
-
Хаус-шебер деген кім?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (Берлин қаласы) және «Шаңырақ» қауымдастығы (Қазақстан) бірлесіп ұйымдастырған вебинарда Қазақстан, Өзбекстан, Германиядан келген сарапшы-мамандар хаус-шеберлерді кәсіби даярлау мәселелерін талқылады.
-
Президент: Отанды қорғау – мәртебелі миссия әрі жоғары жауапкершілік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынында сөйлеген сөзі жарияланды.
-
Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.
-
Мемлекеттік қызметшілер қандай сыйға лайық?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметшілер тек қызмет бабы бойынша жеткен жетістігі үшін сый мен марапатқа ие бола алады. Одан өзге сыйдың барлығына тыйым салынды.
-
Санат Хасенов: Ұлттық парк аумағында қасақана өрт қоятындар азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2011 жылдың 11 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 247 Қаулысымен Орталық Қазақстанның бірегей дала экожүйелерін сақтау мақсатында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи бағы құрылды.
-
Мемлекеттік қызметшілерге жасалған сый мемлекет меншігі болып саналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға жасалған сый мен марапат мемлекеттің меншігі болып саналады. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттінің әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры Айгүл Базарбаева мәлім етті.
-
Тоқаев: Армиямыздың әскери рухы мен даңқы одан әрі арта түсетініне сенімдімін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жоғалған Сооронбай Жээнбеков табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков табылды. Ол Бішкектен ешқайда кетпеген. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
#Желмая. Билік пен халық ортасындағы байланыс өте нашар – Әбенов Қырғызстан туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.
-
Нұр-Сұлтанда АИТВ туралы билбордтар ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі билбордтар қаланың 20 магистральдық көшесіне және 40-қа жуық қоғамдық көлік аялдама кешендеріне орнатылды.
-
Сооронбай Жээнбеков жоғалып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің қайда екені белгісіз.
-
Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. EXPO 2020 Dubai көрмесінің ұйымдастырушылары көрме өтетін ғимараттардың суреттерін жариялады, деп жазды «Хабар 24».
-
Әл-Фарабидің трактаттарына арналған жаңа жинақтар жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Мүбарак университеті Ғылыми кеңесі ұсынысымен дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Жалғас Садуахасұлының 3 кітабы жарық көрді.
-
Мақта шаруашылығын құртып алмайық – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Әлімжан Құртаев бейсенбі күні пленарлық отырыста аграрлық саладағы ең маңызды мәселелердің бірін көтерді.
-
Павлодар облысында 800 мың тоннадан астам астық жиналды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Үстіміздегі жылы облыста 1 млн. 182 мың гектар жерден дәнді-дақылдар мен көкөніс жиналды.
-
Елордада жексенбіде автобустар тоқтатылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 11 қазанда қоғамдық көлік қатынайтын болады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістанда «Егінжай күні» далалық семинар-кеңес өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы 2 мың га ұлғайып, 13 мың га дейін жеткізіледі және құны 23,2 млрд тенгені құрайтын 6 ірі инвестциялық жобаларды іске асыру қолға алынған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Елордада психиатриялық көмек көрсететін тағы бір бастапқы орталық ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінге дейін қаладағы мұндай бастапқы орталықтар 7 мыңнан астам тұрғынға мамандандырылған көмек көрсеткен.
-
Сенатор: Судың жетіспеуінен 36,4 мың тоннадан астам өнім алынбай қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Әбдәлі Нұралиев премьер-министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады.
-
Алматылық медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңге төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 116,5 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.
-
Көкшетауда 200 орындық инфекциялық аурухана ашылады
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда пандемияның екінші толқынына дайындық аясында салынып жатқан модульдік аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Маржықпаевты құрылыс алаңындағы жұмыстармен таныстырған мердігер компания өкілдері мәлімдеді.
-
Биыл елордада мобильді байланыс сапасын арттыратын 16 антенна орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов елорданы цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтты.
-
Ірі қараны сақтандыру тетігі енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру саласының операторы – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ірі қара малды сақтандыру өнімдерін бекітті.
-
Президент Алматы облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына барды.
-
Елорданы «ақылдандыру» қалай жүзеге асырылуда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек елорданы цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтты.
-
Гендерлік теңдік. Әлем және Қазақстан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әйелдер әлем халқының жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең деген сөз.
-
«Saqbol» қосымшасы COVID-19 жұқтырғандардың санын азайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында «Saqbol» мобильді қосымшасын ұсынды.
-
Деректердің дұрыстығы үлкен күмән тудырады. Депутат Маминге сауал жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев нақты статистикалық деректердің болмауы - аграрлық саланың дамуына кері әсерін тигізіп отырғанын айтты.
-
Сенатор ауылға байланысты нағыз сорақылықты айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында депутат Әли Бектаев «Ауыл – ел бесігі» жобасы ретінде жүйелі құжат ретінде жасалмағанын айтты.
-
Күніне 1,9 долларды місе тұтатындар кедей санатына жатқызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 20 жылда алғаш рет әлемде кедей адамдар саны артқан. Бұл туралы korrespondent.net.
-
Тоқаев азаматтарды сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Алексей Цойға азаматтарды отандық және импорттық сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды.
-
Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша шарт ратификацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов «Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды.
-
«Нұр-Сұлтан – Петропавл» тасжолында жөндеу жүргізудің жаңа технологиялары енгізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тасжолының 69 шақырымындағы тәжірибе-эксперименттік аумақта «Қазавтожол» ҰК» АҚ «UneedUs» компаниясымен және ҚР ИИДМ Жол активтері ұлттық сапа орталығымен бірлесіп, инновациялық CONFIX материалын апробациялады.
-
«Түркістан құпиялары» фильмінің тұсауы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласында облыстық мәдениет басқармасы «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен «САҚ» киностудиясы түсірген «Түркістан құпиялары» сюжетті-деректі фильмінің тұсауы кесілді.
-
Скринингтік тексерулер нәтиже беруде – онколог дәрігер
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде халықтың денсаулығын сақтау бағытында түрлі ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі саналатын cкринингтік тексерулер ауруды ерте анықтаудың басты құралы болып отыр.
-
7 тоннаға жуық спирт сақталған жасырын цех анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
-
Елордадағы арнайы мектеп тәрбиеленушілері аулаға көшет отырғызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Нұр-Сұлтан қаласының №2 арнайы мектебінің балалары білім беру ошағының ауласында ағаш көшеттерін отырғызды.
-
Түркістанда жыл соңына дейін 16 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Түркістан» ӘКК» АҚ мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп Түркістан қаласында пресс-тур ұйымдастырды. Шара барысында журналистер агроөнеркәсіптік, туризм, құрылыс салаларына қатысты бірқатар нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
-
Жүрегінде ахауы бар науқасқа стент-графт орнату отасы жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте алғаш рет жүрегінде ахауы бар науқасқа стент-графт орнату отасы жасалды.
-
Елордада карантин кезінде сұранысқа ие мамандықтар тізімі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда құрылыс, сауда, тамақтану және денсаулық саласындағы мамандарға сұраныс көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Ақтауда елді дүрліктірген қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда бүкіл Жаңаөзенді қорқынышта ұстаған "Өткілбаев" ұйымдасқан қылмыстық топ көшбасшысы мен қатысушыларына қатысты сенсациялық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп жазды Tumba.kz.
-
Мамин Мишустинмен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.
-
Америкалық түрлі симптомы бар коронавируспен екі рет ауырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джорджия штатындағы (АҚШ) Макон қаласында Джордан Джози бірнеше айда екі рет коронавируспен ауырып тұрған. 29 жастағы Джордан екі жағдайда түрлі симптоммен ауырған, деп хабарлайды CNN.
-
Бүгін Қазақстан қалаларындағы метеожағдай қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қазан, бейсенбі күні республика қалаларындағы метеожағдай қалыпты болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
-
Өткен тәулікте 139 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 139 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 92 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 92 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Ирландияда шектеу шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландия билігі вирустың дендеуіне жол бермес үшін мемлекет аумағында бақылау-өткізу бекеттерін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қазақстандық клубтар үстел теннисінен Ресей ашық біріншілігіне қатысуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей үстел теннисі федерациясының өкілдер кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан үстел теннисі федерациясының ресми сайты жазды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Шымкенттің 43 көшесіне жарық шамдар орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында шалғай орналасқан тұрғын алаптардағы 39 көшеге жарық шамдар орнатылып, төрт көшенің жарық жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді. Ал алдағы үш жылда қаладағы 303 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.
-
Қарағанды облысында 200 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцинаны тегін ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қарағанды облысында бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 172 мың дозасы сатып алынды. Тағы 30 мың дозаны демеушілер қаржыландырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Құс тұмауынан қырылған құстарға берілетін өтемақы мөлшері бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қырылған құстарға берілетін өтемақы мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Аtameken Business.
-
Ресейде снарядтар қоймасы өртеніп, оқ-дәрі жарылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Рязань облысы Желтухино кентінің жанындағы әскери бөлімнің аумағында оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр. Өрт сол жерде сақталған снарядтардың жарылуына әкелді. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
-
Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған есерсоқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе полицейлері есірткі тұтынып, автокөлік басқару құқығы жоқ болса да машина айдаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Мас адамға көлігін беріп, 20 тәулікке қамалды – Өскемен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Патрульдік полиция батальоны мас жүргізуші ұстады, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Алтайда жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы аудан әкімі Қалихан Байғонысов баспасөз конференциясында айтты.
-
Жанкүйерлеріме бұл шоу ұнайды деп ойлаймын - Елеусінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) 27 қараша күні жұдырықтасатын қарсыласы Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) жайлы пікір білдірді.
Наверх