Пандемия балық шаруашылығына қалай әсер етті?

8 Қазан 2020, 20:13
2262
Бөлісу:
Пандемия балық шаруашылығына қалай әсер етті?
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясы кезінде балық шаруашылығымен айналысатындар неден қиналды? Жалпы елімізде балық шаруашылығы қалай дамып жатыр? Бұл салада кадрларды дайындау жұмысы қалай жүруде? Балық өсіруде Қазақстанның әлеуеті қандай? Осы және басқа да сұрақтарға Есік форель шаруашылығының директоры Марлен Тұрсынәлі жауап берді.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы балық шаруашылығына белгілі жағдайда кедергі келтірген. Өйткені балыққа қежетті бүкіл жем өнімдері Еуропа елдерінен жеткізіледі екен.

Пандемия кезінде әуе қатынасы тоқтады, сол себепті балық жемдері дер кезінде жеткізілмей қалды. Кейін мемлекеттік органдармен бірлесіп бұл мәселені шештік. Жалпы өзімізде балық жемдері өндіріледі, алайда олардың тиімділігі төмен,-дейді ол.
басты1.jpeg

Сондай-ақ, ол пандемия отандық фермерлерге оң әсер еткенін де айтып өтті. Сырттан келетін импорттық тауарлар азаю себепті өз өнімімізге сұраныс көбейген.

басты2.jpeg

Бұрын бір айда 10 тонна өнім сатсақ, шекара жабылғанда 15-20 тоннаға дейін сатып жүрдік. Яғни, отандық фермерлердің өніміне сұраныс 20-30 пайызға дейін өсті. Төтенше жағдай кезінде балық өнімдерін тұтынушының үйіне дейін жеткізіп беріп отырдық,-дейді шаруа.
басты3.jpeg

Есік форель шаруашылығында балық өсірудің 4 жолы қамтылған. Оның ішінде жылы және суық суда өсірілетін балықтар бар. Олар тилапия, сом, бекіре, сазан, форель (ханбалық), талстолобик, амур балықтары. Шаруашылық жылына 250 тонна балық өндіреді. Уылыдырықтан бастап тауарлы балыққа дейін толыққанды өнім шығарады. Фермер Алматы қаласын 70%-ға дейін балықпен қамтамасыз етіп отыр. Шаруашылықтың Алматыда өз дүкендері бар, оған қоса ірі супермаркеттерге де өнімін жеткізіп тұрады.

басты4.jpeg

Балық шаруашылығы Қазақстанда кенже қалған сала екені белгілі. Дегенмен, биылдан бастап бұл салаға мемлекет тарапынан көңіл бөліне бастаған. Премьер-министрдің өзі осы бағытта екі жиналыс өткізген. Сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту мәселесін президент өз Жолдауында да атап өткен. М. Тұрсынәлі егер балық шаруашылығын дамытсақ экспортқа шығаруға әлеуетіміз жоғары екенін айтады. Өйткені бір шетімізде 1,5 миллиард халқы бар Қытай тұр, тағы бір шетімізде алып Ресей бар. Бұл елдерде балыққа деген сұраныс жоғары көрінеді.

басты5.jpeg

Елімізде балық шаруашылығымен айналысатын кадрлар жетіспейтіні белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін фермер «Балық мектебі» жобасын қолға алған. Яғни балық шаруашылығымен айналысқысы келетіндерді іріктеп, он күн бойы балықты қалай баптау керек екенін тәжірибе жүзінде үйретеді.

басты6.jpeg

Балық шаруашылығындағы негізгі мәселе кадр жетіспеушілігі. Совет тұсында оқып шыққан мамандарды балық өсіретін шаруашылықтан қазір табу қиын. Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да балық шаруашылығы бойынша мамандар оқытылады. Қазір солармен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Университет қабырғасынан ғылыми орталық ашып жатырмыз, студенттер одан алған білімін біздің шаруашылыққа келіп іс жүзінде тәжірибеден өтеді. Балық өсіру ісіне араласып, оны көзбен көрген кезде ғана жақсы нәтиже шығады. Кейін оларды осында жұмысқа қабылдаймыз,-дейді ол.
басты7.jpeg

«Балық мектебінде» оқитындарға балықтың ауруын қалай емдеу керек, қай уақытта жем беру керек, суды қалай реттеп отыру керек екені барлығы үйретіледі. Фермер 3-4 айда 30 адамды балық шаруашылығына оқытқан. Қазір 10 адам өз шаруашылығын ашуға дайындалып жатқан көрінеді. Балық өсіруді үйренгісі келетіндер Есік қаласындағы фарель шаруашылығының басында жатақханада 10 күн тұрып оқиды.

басты8.jpeg

Шаруашылық директоры балық өсіру тәсілін Еуропадан меңгеріп келгенін айтады. Испанияда болып, онда адамдар балық шаруашылығымен қалай айналысатынын көзбен көріп келген.

басты9.jpeg

Олар университет қабырғасында құрылған ғылыми орталықтан тәжірибе жинақтай отырып білім алады. Бізге де солай жасау керек. Сол кезде жастардың балық шаруашылығына деген қызығушылығы артады. Кітаптан балық жайлы оқыған адам былай шыққан соң оны ұмытып қалады. Тәжірибеден өткен кезде ғана оның нәтижесі жоғары болады,-дейді ол.
басты10.jpeg

Фермер елімізде балық өсірумен айналысатындарды көптеп дайындау қажеттігін айтады. Ол үшін елде барлық жағдай жасалған әрі Қазақстанның бұл бағытта әлеуеті де жоғары.

басты11.jpeg

Мәселен, көрші Өзбекстанның жері бізден кішкентай. Алайда, жылына 300 мың тонна балық өндіреді. Онда біздегідей қолайлы жағдай жоқ. Бірақ осы істі меңгерген. Оны біз де істей аламыз. Әр адам шағын балық шаруашылығын үйінде-ақ аша алады. Мысалы, Алматы облысында шағын өзендер көп, соған бөгет қойып 2-3 тонна балық өсіруге болады. Қазір үлкен балық шаруашылықтары балық өсіремін дегендерге жағдай жасап беріп жатыр. Яғни оларға балық өсіруді үйретіп, бәрін дайындап береді де келісімге отырады. Кейін балығы өскенде сатып алады. Шаруаға өнімін сату үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, тек үйінде балығын өсіріп отыра береді. Бұл бәріне тиімді. Мұндай тәсіл тауық өсіру шаруаларында кеңінен қолданылады,-деп түйіндеді сөзін М. Тұрсынәлі.
басты22.jpeg

Ферманың біз барған бөлігінде 5 граммдық балықтан 2-3 келіге дейінгісі өсіріледі екен. Кішкентай балықтар екі жылда 2 келіге дейін салмақ қосады. 5 граммдық балықтар бір бассейнде, 10 граммдықтары басқа бассейнде, 1 кг-дық балықтарды бөлек ұстайды екен. Бір сөзбен айтқанда кішкентай балықты бала сияқты мәпелеп өсіріп шығарады. Қыс кезінде балықтың жем жеуі азаяды, жазда су температурасы көтерілгенде керісінше жем жеуге деген сұранысы артады.

Аталған шаруашылықта балық аурулары жөніндегі эксипотолог маман Жансұлу Үргенішбаева балық көп болған сайын олардың арасында ауру түрі де арта түсетінін айтады.

басты13.jpeg

Кіші және үлкен балықтың ауруы әр алуан. Оларда паразитті, бактериалды, инвозиялық және вирусты аурулар болады. Бұл судың температурасына да байланысты орын алады. Мұндай аурулар болмас үшін әр ай сайын балық тұратын бассейндерге дезинфекция жасап, тазартып отырамыз,-дейді ол.
басты14.jpeg

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы еліміздегі балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тоннаны құраған. Оның ішінде балық аулау – 45 мың тонна, балық өсіру –7,4 мың тонна. Сондай-ақ, 30 мың тонна балық экспортталса, 43,5 мың тонна импортталған.

басты15.jpeg

Сонымен қатар, Қазақстанның балық өсіру потенциалы әлдеқайда жоғары екен. Сарапшылардың пікірі бойынша елімізде 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болады. Мәселен, елімізде 40 мыңнан астам су айдыны бар болса, соның 3 мыңы балық шаруашылығына арналған. Оған қоса 300 су қоймасы бар. Алайда, осы су айдындарында балықтың потенциалы баршылық болғанымен, әлі ашылмаған.

басты21.jpeg

басты18.jpeg

басты19.jpeg

басты20.jpeg


Өзгелердің жаңалығы