«Төрт аяқты» полицей зейнетке шықты

8 Қазан 2020, 17:18
1720
Бөлісу:
«Төрт аяқты» полицей зейнетке шықты
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі кинологиялық қызметтің мамандары Рио есімді «төрт аяқты» полицейді құрметті демалысқа шығарып салды. 

Рио - енді зейнеттегі ит. Қызметтік-іздеуші лабрадор сегіз жыл бойы полицияға адал қызмет етті. Осы уақыт аралығында есірткі бизнесіне қатысты ауыр қылмыстардың басын ашуға атсалысты. 

Ішкі істер қызметінің ардагері 200-ден астам қылмыстың бетін ашуға көмектескен. Бүгінде екінші деңгейлі «Үздік қызмет үшін» медалінің иегері өз қожайынына қайтарылды. Төбеттің иесі Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. 

«Төрт аяқты» полицей зейнетке шықты

Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері түрлі заң бұзушылықтар бойынша мыңнан астам шақырту түскен. Олардың 300-ге жуығы иттердің көмегімен ашылды. 

Оның ішінде 50 қылмыс есірткі тасымалдауға қатысты болып шықты. Бүгінде біздің қарамағымызда 36 қызметтік ит бар. 23-і Павлодарда, қалғаны аудандарда қызмет етуде, - дейді кинологиялық орталықтың бастығы Қуанышбек Қабжанов. 

Облыстық Полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығы мамандарының айтуынша, Рио өз ісіне адал және кез келген тапсырманы мүдірмей орындайды. 

«Төрт аяқты» полицей зейнетке шықты

Рио балаларды жақсы көреді. Қоршаған ортаға зияны жоқ. Күшік кезінде осындай кәсіби маманға айналады дегенге сенбеп едік. Жаттыға келе, үздік қызметтік иттердің біріне айналды. Қазіргі уақытта Рионы облыстың полицейлері ғана емес, республиканың тәртіп сақшылары да біледі. Бізге әріптестеріміз Рио сияқты итті тәрбиелеудің әдістері туралы жиі сұрайды. Оның ешқандай құпиясы жоқ. Қырағылық пен иіс сезгіштік - иттің бойына сіңген қасиеттер, - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы