Қарағанды облысында 200 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцинаны тегін ала алады

8 Қазан 2020, 05:44
1215
Бөлісу:
Қарағанды облысында 200 мыңнан астам адам тұмауға қарсы вакцинаны тегін ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қарағанды облысында бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 172 мың дозасы сатып алынды. Тағы 30 мың дозаны демеушілер қаржыландырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Тәуекел тобындағы науқастарға ақысыз екпе жасауға рұқсат етілген. Олар: созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар; медициналық қызметкерлер; жүкті әйелдер (жүктіліктің II-III триместрлері); жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйлері, жетімдер үйлері, интернаттар); 60 жастан асқан қарт адамдар.

Сонымен қатар, эпидемиологиялық көрсеткіштерге және қант диабетімен ауыратын науқастарға, бронх-өкпе және жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар пациенттерге ақысыз егіледі.

Тегін егу тұрғылықты жері бойынша немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

Жезқазғанда, Сәтбаевта, Балқашта және Ұлытау ауданында әр адам вакцинаны жасына және денсаулығына қарамастан ақысыз ала алады.

Тегін вакцинаны алуға құқығы жоқ адамдар тұмауға қарсы дәрі-дәрмекті тіркелген жеріндегі емханада өз есебінен ала алады. Минималды құны 1 300 теңгені құрайды, максимумды шығын материалдары мен жалақы құнын ескере отырып, емхананың өзі белгілейді. Әдетте, ол 2 500 теңгеден аспайды. Сатып алынған вакциналар Ресей мен Нидерландыда шығарылған, қауіпсіз, олардың тиімділігі дәлелденген. Биыл біз алғаш рет ересектерге арналған пневмококк инфекциясына қарсы вакциналар сатып алдық. Оны ақылы негізде тіркелген жеріндегі емханаларда алуға болады. Препарат Ирландияда шығарылған, - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің бас маманы Ирина Князева.
Ұлттық егу кестесіне сәйкес балалар бұл вакцинаны ақысыз алады.

Пневмококтар пневмония, менингит, өткір отит және басқа да ауыр асқынуларға ұшырататын ауруларды тудыруы мүмкін.

Пневмококк инфекциясына қарсы вакцина сатып алу туралы шешім коронавирустық инфекцияның мүмкін екінші толқыны алдында топтық иммунитетті күшейту және басқа вирустардың әсерін азайту мақсатында қабылданды.


Өзгелердің жаңалығы