Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

8 Қазан 2020, 15:06
2685
Бөлісу:
Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. EXPO 2020 Dubai көрмесінің ұйымдастырушылары көрме өтетін ғимараттардың суреттерін жариялады, деп жазды «Хабар 24». 

Коронавирусқа байланысты аталған көрме 2021 жылға шегерілді. Бірақ көптеген нысан дайын тұр. Композицияның орталығы – күмбезбен көмкерілген Al Wasl Plaza. Ол көрменің үш тақырыптық аймағының қиылысында салынған. Сфераға мұқият қарағанда, көрменің логотипін байқауға болады. 

Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

Соған жақын жерде БАӘ ұлттық павильоны орналасқан. Ғимаратты испан сәулетшісі Сантьяго Калатрава жобалаған. Автордың идеясы бойынша нысан қалықтаған сұңқардың сұлбасына ұқсауы керек. Оның ішінде көрме алаңдары, көрермендер залы, кафе және VIP бөлмелер болады. 

Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

Орталық алаңнан үш тақырыптық ғимарат тарайды. 

Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

«Тұрақты даму» павильонының жобасын Grimshaw сәулет бюросы жасаған. Ол технологияның экологиямен және табиғатпен бірлігі тақырыбына негізделген. Конструкцияда күн батареялары бар үлкен аспалы төбе орналасқан. Ол ылғалды ауадан таза су жинап, кеңістікті көлеңкелей алады. Айналасында осыған ұқсас, бірақ кішірек құрылымдар да бар. Көрме аяқталғаннан кейін мұнда Ғылым мұражайы ашылады. 

Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

Үшінші аймақ «Мүмкіндіктер» деп аталады, бірақ ұйымдастырушылар ғимараттардың суреттерін көрсеткен жоқ. 

Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

Көрме алаңына торлы көміртекті талшық порталдары бар үш негізгі кіреберіс кіреді. Әрбір тоннельдің ұзындығы 30 метр, биіктігі 21 метр. Ұйымдастырушылар атқарылған жұмыс көлемін есептегенде 210 миллион сағатты құрады.

Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

Өзгелердің жаңалығы