Жыл соңына дейін елорданың барлық мектебіне камера орнатылады

8 Қазан 2020, 23:12
1896
Бөлісу:
Жыл соңына дейін елорданың барлық мектебіне камера орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл соңына дейін елордадағы мемлекеттік қызметтерді 100% цифрландыру жоспарлануда. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек атап өтті.

Цифрландыру басқармасы құрылған сәтте Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 160 қызмет көрсетті. Басқарма талдау жүргізді, оның барысында 27 қызмет көрсетіліп, тек қағаз түрінде көрсетілетін 19 қызмет және электронды түрде де қызмет атқарылды. Қазіргі уақытта біз осы қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтерді 100% цифрландыру жоспарлануда, - деді Б.Қасабек.

Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан мектептерінде 4 752 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.

Толық бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта мектептерде камералар орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 4 752 камерамен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, елордадағы мектептер 100% бейнебақылаумен қамтылады, - деді Қасабек.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда оқу орындары компьютерлік техникамен және интернет желісімен толық жабдықталған. Сондай-ақ, онда робототехника кабинеттері мен STEM-зертханалар ашылды. Сонымен қатар, мектеп асханаларында қолмаи-қол ақшасыз төлем енгізілді, соның арқасында ата-аналар балаларының тамақтануын бақылай алады.

Оқушылардың мүмкіндігін ашу үшін елордада жыл сайын техникалық білім беру саласындағы барлық соңғы жетістіктерді қамтитын ғылыми-білім беру STEM-олимпиадалары өткізіледі. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D-модельдеу сияқты ғылымдардан тұрады.

Өзгелердің жаңалығы