СІМ Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға байланысты мәлімдеме жасады

8 Қазан 2020, 20:43
1191
Бөлісу:
СІМ Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға байланысты мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреміз, деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми сайты. 

Кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдатады.

Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.

Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз, - делінген СІМ таратқан ақпаратта.



Өзгелердің жаңалығы