Павлодар облысында 800 мың тоннадан астам астық жиналды

8 Қазан 2020, 14:16
1694
Бөлісу:
Павлодар облысында 800 мың тоннадан астам астық жиналды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Үстіміздегі жылы облыста 1 млн. 182 мың гектар жерден дәнді-дақылдар мен көкөніс жиналды.

Облыстық аулы шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Шұғаевтың хабарлауынша, астық жинау науқаны аяқталды.

Өңірде 827 мың тоннадан астам астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 9,2 центнерді құрап отыр. Картоп 18 мыңгектар жерден алынды. 582 мың тонна картоп алынды, ал орташа өнімділігі гектарына шаққанда 323 центнерден келді. Ал көкөніс жинау науқаны жалғасын табуда. Әзірге 9,9 мың гектар жерден алынды. Жалпы ішкі өнім 220 мың тоннады құрады, - дейді Марат Шұғаев.

Қазіргі уақытта майлы дақылдар жинау жұмыстары қызу. Бүгінде орташа өнімділік гектарына 6,1 центнерді құрайды. Мамандардың айтуынша, орақ науқаны барысында қиындықтар болған жоқ. Арзандатылған дизельдің 21 мың тоннасы бөлінген.

Айта кетейік, биылғы жылы облыста азық-тлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картоп қоры құрылды. Бұл өнімнің бағасын тұрақты ұста умақсатында атқарылған істердің бірі. Себебі, көктемде картоптың бір келісі 140 теңгеден саудаланған. Өткен жылы өңірде 512 мың картоп жиналса, биылғы жылғы көрсеткіш едәуір көп. Бұл өнімнің 15 %-ы облыс тұрғындарының қажеттілігіне жұмсалады.


Өзгелердің жаңалығы