Нұр-Сұлтанда АИТВ туралы билбордтар ілінді

8 Қазан 2020, 15:33
2389
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда АИТВ туралы билбордтар ілінді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі билбордтар қаланың 20 магистральдық көшесіне және 40-қа жуық қоғамдық көлік аялдама кешендеріне орнатылды. 

Түрлі-түсті билбордтар елорда халқының АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі хабардарлығын арттыру, стигма мен дискринимация проблемаларына және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарының сақталуына жұртшылықтың назарын аудару. 

Нұр-Сұлтанда АИТВ туралы билбордтар ілінді

Аталған акцияны АИТВ-ға тест тапсыруға үндеумен ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт АИТВ-ға қарсы» арнайы өкілі, Олимпиада чемпионы, еліміздің жеті дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаев қолдады. 

Нұр-Сұлтанда АИТВ туралы билбордтар ілінді

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры С.Б. Абдраимовтың айтуынша, АИТВ-ға тестілеу – АИТВ-нің алдын алу қағидаттарының бірі, ал өз мәртебесін білу бүгінгі күні АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірінші дәрежелі мәнге ие. 

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, АИТВ-инфекциясының эпидемиясы жалғасуда және оның халықтың осал топтарының шегінен жалпы халыққа шығуы айқын болды. Осылайша, 2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша АИТВ анықталған адамдардың жартысы - тұрақты жұмысы мен табысы бар әлеуметтік-бейімделген адамдар. Барлық жұқтырғанның шамамен 70%-ы 20-39 жас аралығындағы жастар. АИТВ-инфекциясының таралуында жыныстық жол басым рөл атқарады. Оның үлесі жыл сайын өсіп келеді. Жас ерлер арасында гомосексуалдық қарым-қатынас кезінде АИТВ жұқтырудың өсу үрдісі байқалды. Осының барлығы АИТВ-мен сырқаттанушылықтың ұлғаю қаупін туғызады, - деп АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Инжу Аймағамбетова атап өтті. 

Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша АИТВ-ның 185 жағдайы тіркелді. 

Нұр-Сұлтанда АИТВ туралы билбордтар ілінді

ЖИТС орталығында диспансерлік есепте 1271 АИТВ жұқтырған тұр. 1117 адам антиретровирустық терапия алады.

Өзгелердің жаңалығы