Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған есерсоқ ұсталды

8 Қазан 2020, 02:45
3479
Бөлісу:
 Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған есерсоқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе полицейлері есірткі тұтынып, автокөлік басқару құқығы жоқ болса да машина айдаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері 4 қазан күні қызмет атқару кезінде Қонаев пен Смағұлов көшелерінің қиылысында «Опель-Астра» автокөлігін тоқтатқан, көлік рөліндегі 21 жастағы жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.

Бұдан басқа оның есірткі пайдалану нәтижесінде есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Сыртқы тексеру кезінде жүргізушінің шалбарының қалтасынан марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қағаз пакет тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша көлік құралын басқару құқығын беретін құжатсыз, есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  және ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау,  тасымалдау) бойынша тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы