Жанкүйерлеріме бұл шоу ұнайды деп ойлаймын - Елеусінов

8 Қазан 2020, 00:02
2291
Бөлісу:
Жанкүйерлеріме бұл шоу ұнайды деп ойлаймын - Елеусінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) 27 қараша күні жұдырықтасатын қарсыласы Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) жайлы пікір білдірді.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Голливудта (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Бокс кеші көрсетілімін DAZN стримингтік сервисі таратады. Жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуі үшін жұдырықтасады.

Индонгоға жұдырықтасуға келіскені үшін алғысымды білдіремін. Ол бұрынғы әлем чемпионы. Бұл мен үшін жақсы бір жекпе-жек болмақ, Hard Rock аренасынан тамаша шоу сыйлармыз. Мен өзімнің үздік боксшы екенімді көрсететін боламын, Индонго да көретін болады. Менің жанкүйерлеріме бұл шоу ұнайды деп ойлаймын, - деген Елеусінов Boxingscene.com-ғы сұхбатында.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов шаршы алаңға шығатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде Дэниэль Джейкобс пен Габриэл Росадо жұдырықтасады. Бұл екеуі де кезінде отандасымыз Геннадий Головкинмен қолғап түйістіріп, жеңіліс тапқан боксшылар.

Өзгелердің жаңалығы