«Сергектің» арқасында елордада жол апаты саны екі есе азайды

8 Қазан 2020, 18:30
1411
Бөлісу:
«Сергектің» арқасында елордада жол апаты саны екі есе азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында қоғамдық қауіпсіздік және «Сергек» камераларының тиімділігі туралы айтты.

Әкімдіктің ресми сайтының мәліметінше, биыл тоғыз айдағы қорытынды бойынша, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда қаладағы ЖКО саны 40% төмендеді, жолдағы оқиғалар салдарынан жарақат алу екі есе қысқарды. 

Нұр-Сұлтан қаласында жалпы бейнебақылау камераларын орнату және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен бірлесіп анықталған қылмыстық аулаларды бақылауды қолға алуының арқасында елордада қоғамдық орындарда қылмыс 44% төмендегені байқалады, - деді Даниял Айткенов. 

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтанда 4000 жалпы бейнебақылау камерасы, қиылыстарда 400 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені және желілік учаскелерде 300 камера орнатылып қосылған. Бұдан басқа, жалпы қалалық бейнебақылау жүйесіне СОО, қонақ үйлер, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардағы 3000 камера қосылған. 

Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылып жатыр. Оның аясында аулалар, әлеуметтік нысандар, саябақ аймақтары бейнебақылау камераларымен қамтылады.



Өзгелердің жаңалығы