Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

8 Қазан 2020, 16:35
2242
Бөлісу:
Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

 ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел-алдын алу шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

 «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру аясында, мемлекеттік мекеме шаруашылық ретіндегі кәсіпорын мен «КК» ЖШС арасында жалпы сомасы 163 млн теңгені құрайтын «Мұғалжар ауданының ауылдық округіндегі сумен жабдықтау желілері» мемлекеттік сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімшарт жасалғандығы анықталды, - делінген хабарламада.
Алайда, жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, алдын ала есеп бойынша келтірілген залалдың мөлшері 13 млн теңгені құрады. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 189-бабы, 4-б. 2-т. (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ақша жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексерілуде.
Өзгелердің жаңалығы