Тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі талқыланды

8 Қазан 2020, 23:28
1783
Бөлісу:
Тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың төрағалығымен, уәкілетті органның өкілдері және тұтынушылардың қоғамдық ұйымдардың қатысуымен онлайн-конференция өтті. 

Күн тәртібінде Тұтынушылардың құқық қорғау комитетімен әзірленіп жатқан Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тұтас жүйесін құру мәселесін қарастырды.

Вице-министрдің айтуынша, Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі қазіргі таңда тиімсіз және де модернизацияны талап етеді. Әдетте, халықтың құқықтары мен мүдделері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға қоса, қоғамдық ұйымдардың да назарынан тыс қалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметтерінің жарлығымен, Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылға дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тұтас жүйесін құру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге кірісті. 

Жоспар жобасында көрсетілген іс-шаралар Парламент Мәжілісі қабырғасында айтылған барлық тұжырымдамалық проблемаларды айқындайды. Атап айтқанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге бірлесіп қатысу үшін мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестерінің құрамына тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін қосу мәселесі шешілуде. Соттарда тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі қызмет күшейтіледі. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдірудің маңызды сәттерінің бірі - бұл барлық қоғамдық бірлестіктердің бірігуі, тәуелсіз азаматтардың мүдделері үшін олардың негізгі шешімдерін талқылауы және қабылдауы, - деп мәлімдеді Қайрат Қалмұқаметұлы.

Конференцияның 70-тен астам қатысушылары қолданыстағы «Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі негізінде Республикалық тұтынушылар палатасын құру туралы мәселені қызу талқылады. Атаулы іс-шарада сындарлы ұсыныстар енгізілгенмен қатар, тұтынушылардың бірыңғай әлеуметтік институтының жаңа моделі туралы пікір алмасу өтті. Соңында, барлығы республикалық палатада аймақтардағы кеңейтілген, көпсалалы өкілдіктер жүйесі болуы керек және тұтынушылардың барлық қоғамдық бірлестіктерін қамтуы керек деген пікірге келді.

Қатысушылар арасында сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар негізінде омбудсмен институтын құру тақырыбында белсенді ойлар туды. Омбудсмен қызметі барлық тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ барлық қоғамдық бірлестіктер атынан спикердің функцияларын жүзеге асыруға және олардың мүдделерін мемлекеттік органдарда қорғауға бағытталады деп болжануда.  Омбудсмен қолданыстағы тұтынушылар бірлестіктері мүшелерінің ішінен дауыс беру арқылы сайланады.

Конференция аясында тұтынушылардың құқықтық мәдениетін, тұтынушылық сауаттылығын арттыру мәселесі көтерілді. Осыған орай тұрғындар, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, содан кейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің құралдары туралы ақысыз онлайн дәрістер курсын ұйымдастыру жоспарлануда.

Онлайн-конференция нәтижесінде Министрлік пен «Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы» ЗТБ арасында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум» жасасу туралы шешім қабылданды. Келісімге сәйкес тараптар жоспарланған іс-шаралардың жемісті жүзеге асырылуына ықпал ететін бірқатар келісімдерді орындауға міндеттенді.

Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жаңа деңгейге көтеру мақсатында осы Жоспарды жүзеге асыруда Қазақстандағы сапалық деңгейге түбегейлі көтеретін бірқатар жаңалықтарды көздейді.

Жоспарды қабылдауға бір ай мерзім берілді.Ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарастыруына ұсынылуы керек.

Өзгелердің жаңалығы