Все новости за 27 қыркүйек 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28-29 қыркүйекте елордада «Хан Шатыр» СОО алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Елімізде армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионаты өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеті мемлекеттен келген армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік өкілдері ТМД чемпионы атағы үшін сынға түсті, де хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Президенттің Нью-Йоркке сапары: Қалтарыста не қалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация барып-қайтқаны мәлім. Осы сапардың ресми жағын барлық БАҚ жарыса жазып жатыр. Ал қалтарыста не қалды? Кадр сыртында ресмиліктен тыс не бар? Бұл сұрақтарды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге қойдық.
-
Түркістан облысында 3300 га жер мемлекетке қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.
-
Ақтаудағы жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы парамен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы 500 доллар парамен ұсталды, деп хабарлады Хабар24.
-
Мақтааралда 5 мектепте IT сынып ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жергілікті жерде орындау мақсатында ашылып отырған сыныптар мақтааралдық оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына мүмкіндік беріп отыр, деп хабаралды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
-
Сотталғандар арасында қайта қылмыс жасайтындар көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында пробациямен есепке алынғандардың саны үш мыңнан асып кеткен,-деп хабарлайды Aktobenews.kz.
-
Қазақстан тұзды көп тұтынатын елдер қатарына енген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандар нанның құрамындағы тұз мөлшерін 1 граммға азайтуды ұсынды, деп хабарлады Almaty.tv.
-
Биыл Түркістан облысында 340 мың тонна мақта жиналмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша 131,1 мың гектар алқапқа мақта егілсе, Жетісай ауданы бойынша 45 028 га аумақты құрайды.
-
Киік атқандар 10,8 млн теңге айыппұл төледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен мемлекет пайдасына 10,8 млн теңге өндірілді, деп хабарлады Бас прокутатураның сайты.
-
Елордада жаңа мешіт ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін,қасиетті жұма күні астанада тағы бір құлшылық үйі ашылды.
-
Түркістан облысында "Ел тірегі - 2019" науқаны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру шеңберінде «Ел Тірегі – 2019» республикалық науқаны басталды. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысы Қорғаныс істері жѳніндегі Департамент бастығының орынбасары, майор Жандос Тынымбекұлы мәлімдеді.
-
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Катар астанасы Доха қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстанның бірнеше атлеті қатысады. Екі жылда бір өтетін әлем чемпионатына биыл жолдама алғандардың саны тым аз. Мысалы, осыдан 2 жыл бұрын Лондондағы әлем чемпионатына 13 спортшы барса, бұл жолы 8 жеңіл ғана ел намысын қорғайды.
-
Шекарада 180 кг қытайлық дәрі-дәрмектің жолы кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 180 кг-ға жуық қытай дәрі-дәрмегі мен 18 000 доллардан астам валюта контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
-
Түрмеге телефон кіргізбек болған кісі ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы ЖД-158/7 мекемесі жедел бөлімінің уәкілдері сотталғандарға мобильді құрылғыларды лақтырмақ болған шаһар тұрғынын қолға түсірді, деп мәлімдеді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
-
Ақтау порты мен Доссор арасындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы А-33 «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» автожолының 50 шақырым учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяққтады. 69-119 шақырым аралығындағы учаскеде жұмыстар 2020 жылы аяқталуы тиіс болатын.
-
Әділ шешім қабылданады деп сенемін - Біртанов алматылық дәрігерлер ісі жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов алматылық дәрігерлер ісіне қатысты пікірін айтты.
-
Алматы жылу маусымына дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев қаланың энергокешенінің алдағы жылу маусымына дайын екенін айтты, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Жас ана жаңа туған сәбиін сатып жатқан жерінен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық бойжеткен нәрестесін сатып алатын адамнан 400 мың теңге алып үлгерген, деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
-
Ұлттық спорт түрлерінен V фестиваль өз мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде бір аптаға созылған ҚР V фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлады «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі.
-
«Құрттаған тістің» салдарынан қандай аурулар пайда болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Коннектикут штатының зерттеушілері құрттаған тістердің жүрек-қантамыр ауруларының пайда болуына әсер ететінін анықтады.
-
ТЖД қызметкерлері балықшыны арашалап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 қыркүйек күні таңертең Cолтүстік Қазақстан орталығына жақын Пестрое көлінде балық ауламақ болған 36 жасар Петропавл тұрғыны құтқарылды.
-
Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Дүние жүзі бойынша 5-17 жас аралығындағы 218 млн бала жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың басынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тарту фактілері анықталды.
-
Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны расталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталды. Бұл туралы Сенат кулуарында Жемқорлыққақ арсы қарсы қызметтің басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Zakon.kz.
-
Аз қамтылған отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы елордада әлеуметтік қолдаудың жан-жақты шараларымен 159 мың адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде 14 929 көпбалалы және 41 184 аз қамтылған отбасы бар, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Қызылордада еңбек күні аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Еңбек күні» мерекесі биыл алтыншы рет өтуде.
-
Жеңіл атлетика федерациясының президенті тағы 4 жылға сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Катар астанасы Доха қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) президенті сайлауы өтті. Осыған басқарған Себастьян Коэ тағы 4 жылға сайланды.
-
Балықшы 3 млн фунт тұратын балық ұстап алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландияның Корк қаласының тұрғыны қармақпен 272 келі балықты (тунец) ұстап алды.
-
Қарағанды облысында ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Абай қаласында Қарағанды облысы ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр.
-
Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жақсарту қажет, кедергілер бар – Бекзат Алтынбеков
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сондықтан қоғамдық келісім кеңестері елдің ұйып отыруына, келісім мен бірлікте өмір сүруіне, жалпы жақсылыққа бағыттайтын қоғамдық институт. Біз осыны дұырыс пайдалана білуіміз қажет. Бұл туралы Қарағанды облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков ҚХА-ның форумында айтты.
-
Онлайн нұсқасы бар басылымдарды салықтан босату ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде онлайн нұсқасы бар баспа басылымдарын қосымша құн салығынан босату ұсынылды.
-
Түймебаев: Жалпыұлттық қоғамдық диалог орнату – қоғамдық келісім кеңесінің басты міндеті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда ҚХА-ның бастамасымен 2786 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеуде, олар 23 мыңнан аса адамды біріктіріп отыр. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ҚХА форумында айтты.
-
Елордалық құтқарушылар жеке секторда рейд өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары аумақтағы жеке сектордағы тұрғын үйлерге рейд өткізіп, халыққа өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Абайлаңыз, магниттік дауыл! – мамандар сақтық шараларын сақтауды ескертеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 және 29 қыркүйек күндері Жерде G1 және G2 санаттарына жататын магниттік толқын болады деп күтілуде.
-
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Елімізде сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілуі мүмкін. Бұндай ұсыныс Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қоғамдық кеңес отырысында айтылды.
-
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.
-
Шаша беруді тоқтату қажет: Аружан Саин әкімдерге үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әкімдерді ақшаны концерттерге шаша бермей, балалардың игілігіне жұмсауға шақырды.
-
Сағынтаев: Алматыны дамытудың 7 стратегиялық бағыты анықталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халықтары ассамблеясындағы қоғамдық келісім кеңесі маңызды рөл атқаруда. Олар жұртшылықты алаңдататын мәселелерді қарап, қоғамдық бақылау қызметін іске асыруда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан халықтары ассамблеясының форумында айтты.
-
Арыста зардап шеккен екі сапер госпитальдан шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қыркүйекте Арыс қаласындағы төтенше жағдайды жою барысында зардап шеккен екі әскери қызметшіні ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталінен шықты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы әкімі: билік пен қоғам әрдайым диалогқа келу арқылы ғана сауатты мемлекет құра алады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халықтары ассамблеясындағы қоғамдық келісім кеңесі маңызды рөл атқаруда. Олар жұртшылықты алаңдататын мәселелерді қарап, қоғамдық бақылау қызметін іске асыруда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан халықтары ассамблеясының форумында айтты.
-
15 жастағы жасөспірім ер адамды пышақтап өлтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық полицейлер жаппай төбелес кезінде 24 жастағы ер адамды өлтіріп алған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Zakon.kz.
-
Алматыда iPhone-ға кезек қып-қызыл бизнеске айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте Алматы қаласының дүкендерінің бірінде iPhone-ға деген кезек талқылып жатыр.
-
Алматыда 10 этникалық БАҚ тіркелген – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы көпұлтты этностардың керемет пікірлесу алаңына және қоғамдық қайта құру ресурсына айналды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының форумында айтты.
-
Елордалық жұмысшы жастар арендалық баспанаға өтініш бере алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында биыл жұмысшы жастарға 1050 арендалық баспана беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін мәслихатта Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлімдеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Мен күтуден шаршадым, енді спорттық карьерамды аяқтаймын – Фируза Шарипова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова спорттағы мансабын аяқтайтыны туралы айтты.
-
Батыр Жүкембаев "Канелоның" бұрынғы қарсыласынан екі бірдей титулды жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші жартылай орта салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді.
-
"Даудың басы Алпамыстың жылқысы": бір үйір жылқы екі ауылды жанжалдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында 600 бас жылқы шаруаның еккен егінін таптап кетіп, екі ауылдың тұрғындарын жанжалдастырып қойды, деп хабарлады КТК телеарнасы.
-
Ақтөбе облысында полиция полковнигі пара алды деген күдікпен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі" республикалық форумының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
-
Павлодар облысында қарбыз фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шарбақты ауылында «QARBYZ prezent» қарбыз фестивалі өтеді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Оралда өрттен 3 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласындағы «Волна» атты саяжай аумағында өрттен бір бала мен екі ересек адамның денесі табылған.
-
Елордада 30 жылы аялдама орнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалында «Еркін пікір» іс-шарасы ұйымдастырылды.
-
Перзентхананың бас дәрігері пара алғаны үшін 6 млн теңге айыппұл төлейді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы №1 перзентхананың бас дәрігері Наурызбай Рақышев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда жоғалып кеткен аутист бала табылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полицейлері аутизммен ауыратын 13 жасар Тимур Юсуповты үйіне тауып әкеп берді.
-
Бүгін 2,5 жыл бойы 2,5 млрд теңгеге түсірілген 2,5 сағаттық «Томирис» фильмі көрерменге жол тартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлы даланы ұлықтаған патшайым «Томирис» фильмі қалың көпшілікке жол тартады. Екі жарым жыл бойы түсірілген фильмді еліміздің барлық кинотеатрлары көрсетеді.
-
Жак Ширактың жарқын бейнесі әлем жұртшылығының жадында әрдайым сақталады – Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың қайтыс болуына байланысты оның туыс-туғандары мен француз халқына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
-
Тоқаев француз халқына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның экс-президенті Жак Ширактың қайтыс болуына байланысты Франция президент Эммануэль Макронға және француз халқына көңіл айтты.
-
Ибрагим Берсанов әлем біріншілігін 19-орынмен аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталуға жақын.
-
Амазон өзенінің Боливия жағалауында өрт өршіп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Боливияда Амазон өзені аймағындағы орман өрті әлі жалғасуда. Соңғы екі айдың ішінде лаулаған жалын 2 миллион 100 мың гектардай жерді күлге айналдырды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында үсік жүреді. Бұл туралы "Қазидромет" РМК-дан хабарлады.
-
Сербиялық инвесторлар елорданың құрылыс секторына 80 млрд теңге құяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербиялық инвесторлар елорданың құрылыс секторына қызығушылық танытты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
ФИФА басшысы Криштиану Роналдуға ашулы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ФИФА басшысы The Best FIFA Football Awards 2019 салтанатты іс-шарасына Роналдудың келмегеніне ашулы, деп жазады Prosports.kz.
-
Түркістан облысы: Түлкібас ауданында жыл соңына дейін 6 мәдени нысан жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас ауданында көп жылдан бері тозығы жеткен мәдени нысандарда қайта жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады.
-
Иран президенті Сауд Арабиясына қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран президенті Хасан Рухани Сауд Арабиясы өкілінің дрондардағы жазбалар туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
-
10-сыныптың қазақ тілі пәнінде Димашқа қатысты тапсырма бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге әнімен әйгілі болған Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қазақстан оқулықтарының бағдарламасына енді.
-
Павлодар облысында 8 айдың ішінде жол апатынан 43 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жол ережесі мен тәртіпті сақтамауы, көлікті басқарып келе жатқанда ұйықтап кетуі салдарынан орын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының жүлде қоры анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Әлемдік додаға 205 мемлекеттен жалпы есебі 3 500 атлет қатыспақшы, деп жазады Olympic.kz.
-
Әскери дипломаттар Қазақстанның әскери-ұшу институтында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда тіркелген әскери-дипломатиялық корпустың делегациясы, Ақтөбе қаласындағы Әскери әуе күштері Әскери институтына респи сапармен барды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен хабарлады.
-
Қорғаныс министрлігінде әскери қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың басшылық етуімен әскери қауіпсіздік сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті ведомствоаралық отырысы өтті.
Наверх