Алматы жылу маусымына дайын

27 Қыркүйек 2019, 18:48
1473
Бөлісу:
Алматы жылу маусымына дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев қаланың энергокешенінің алдағы жылу маусымына дайын екенін айтты, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Ол өзінің сөзінде Алматы қаласы шаруашылық кешендерінің алдағы жылу маусымына дайындығы белгіленген кесте бойынша жүріп жатқанын жеткізді.

Қаланың барлық энергокешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20 миллиардқа жуық теңге жұмсалды.

"Биылғы жылдың 27 қыркүйектегі жағдайы бойынша энергокешеннің жалпы дайындығы 100%-ды құрайды, оның ішінде: - жылу желілері - 100% (1222 км), электр желілері – 100% (7642 км),  газ желілері – 100% (5095 км), «Алматы Су» МҚК сумен қамту желілерінің дайындығы - 100% (3183 км), білім және денсаулық сақтау объектілері автономды қазандықтарының дайындығы - 100% (білім – 50 нысан, денсаулық сақтау – 16 объект), «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарының (әрі қарай - АТКЭ) дайындығы - 100% (79 қазандық бірлігі),автономды қазандықтардағы отын қоры - 100% (білім – 2-і көмірмен жанады,50 тонна көмір, 14-і дизельмен жылытады, 3600 тонна, 34-і газбен ысытады; денсаулық сақтау – 2-і диз. отын, 70 тонна, 14 -і газбен жылиды), АТКЭ көмірдің дайындығы - 100% (110 тонна) мазут, 103% (жоспардағы 8,2 тонна орнына 8,5 тонна)", - делінген таратылған ақпаратта. 

Алдағы жылу маусымына дайындық паспорты 2019 жылдың 11 қыркүйегінде алынды. Білім, денсаулық, көпқабатты үйлердің дайындығы 100%.  2019 жылы 9 базадағы көмірдің жоспарланған қоры 245 мың тонна екені тұрғындарға алдын ала хабарланды. 2019 жылдың 25 қыркүйегінде базалардағы нақтылы отын қоры – 17,5 мың тонна.

Айта кетерлігі, қалада жыл ішінде орта есеппен 50 мың тонна көмір жағылады. Қалған отын (195 мың тонна, бұл жалпы көлемнің 80%-ы) Алматы облысына (Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары) жіберіледі.


Өзгелердің жаңалығы