Бүгін 2,5 жыл бойы 2,5 млрд теңгеге түсірілген 2,5 сағаттық «Томирис» фильмі көрерменге жол тартады

27 Қыркүйек 2019, 09:22
5017
Бөлісу:
Бүгін 2,5 жыл бойы 2,5 млрд теңгеге түсірілген 2,5 сағаттық «Томирис» фильмі көрерменге жол тартады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлы даланы ұлықтаған патшайым «Томирис» фильмі қалың көпшілікке жол тартады. Екі жарым жыл бойы түсірілген фильмді еліміздің барлық кинотеатрлары көрсетеді.

Осыдан 2 күн бұрын елордамызда ҚР мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен алдын-ала көрсетілімі болды. Фильмге қатысы бардың бәрі алдымен «Қазақстан» орталық концерт залының қызыл кілемінен өтті. Сосын Сенат спикері Дариға Назарбаева, мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев және вице-премьер Бердібек Сапарбаев келген соң фильм жиналғандарға көрсетілді. Министрлік 3500 адамға арналған залды халыққа лық толтырды. 
ELIT5053.jpg

Фильмге еліміздің танымал кино жұлдыздары түскен. Олар – Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Мұрат Бисенбин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Айжан Лайджи, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпеков және тағы басқа актерлар. Кирдің рөлін Ридли Скоттың "Царство небесное" фильмінде Саладин патшаны сомдаған Голливуд актері Гасан Масуд ойнап шықты. 
ELIT5074.jpg

Фильмде кейіпкерлер көне түркі және көне парсы тілдерінде сөйлейді. Таныстырылым кезінде орыс тіліндегі дыбысталуы мен қазақша титрымен бірге көрсетілді. 

ELIT5157.jpg

««Анаға апарар жол» картинасынан кейін біздің бас продюсеріміз  Әлия Нұрсұлтанқызы «Томирис» дейтін тарихи туынды түсірсек деген ұсыныс айтқан болатын. Сол кезден бастап сценарий жазуды қолға алдық. Одан кейін Елбасының алдынан өтіп, ақ батасын алдық», – дейді режиссер Ақан Сатаев.

ELIT4958.jpg

Ал осы фильмде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсын деген кім? Жасы 28-де. Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Бүгінгі таңда отбасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Бұрын-сонды киноға түспеген.

«Мен – коуч-профориентатормын. Менің жұмысымның мақсаты – қыздарға, әйелдерге өзінің бойындағы бар талантты пайдаланып, болашақта оны тиімді жүзеге асыру. Өз қызметіммен мақтанам. Қазір бұл мамандық аса танымал емес. Бірақ, болашақта өз жемісін береді дегенге сенімім мол», – дейді Альмира.

ELIT4969.jpg

Кинодағы дебюттік рөлін тарихи кейіпкерді сомдаудан бастаған Альмира Тұрсын алғашқы таныстырылым алдында қобалжып тұрғанын да жасырмады.

«Біз екі жыл түсірген киномызды көрсетеміз. Премьерасына да жеттік. Мен өте қуаныштымын. Бұл – менің дебютім. Өзім ешқашан актриса болған жоқпын. Мамандығым басқа еді. Бірақ Құдайға шүкір, сіздерге рақмет, маған сеніп, үлкен жобаға алдыңыздар. Мен үшін бұл – үлкен бақыт. Қазір уайымдап отырмын. Бірақ фильм жақсы шықты деп ойлаймын. Өзім соңғы нұсқасын әлі көрген жоқпын. Бүгін өзім де көрермен болып барамын», - деді ол.

Ол кинодағы рөліне бағаны көрермен беретінін және дәйекті сын болса қабылдауға дайын екенін айтты.

«Менің рөліме объективті бағаны тек көрермендер бере алады. Дайындық туралы айту қиын, өзімді  психолог ретінде дайындадым. Конструктивті сын болса оны қабылдаймын және ол мен үшін қызықты. Бұл жерде тек дөрекі сөздер айтып, артық кетіп жатқандар болса оларға мән бермеймін», - деді Альмира Тұрсын.

ELIT5189.jpg

Альмира Тұрсын өзге әртістер секілді аса қатты танымал болуға ниетті емес екенін айтты. Оның әлеуметтік желідегі парақшасы да жабық екен. Сондықтан да болар Instagram-дағы оқырмандарының саны 30 мың сәл ғана асады.

«Мен әйелдерге кеңес беретін болғандықтан, Instagram-дағы жеке парақшамда ер адамдарды қабылдамаймын.Тек әйел адамдар ғана оқи алады. Хейтерлер маған пікір қалдыра алмайды. Алайда, кинодағы әріптестерімнің пікірін естіген қызықты», - деді Альмира.

Киноға таныс арқылы емес, кастинг арқылы өткенін, тіпті ол бірнеше кезеңге созылғанын да жеткізді.

ELIT5170.jpg

«Мені кастингке осы фильмнің кастинг-директоры шақырды. Ол суретімді интернеттен тауып алған екен. Сөйтіп, қоңырау шалды. Кастинг бірнеше кезеңдерден өтті, әр кезеңнің сәйкесінше өз образдары болды. Менің актерлік тәжірибем жоқ, алайда оның да пайдасы тиді. Өйткені, актерліктің сырын білмесем де, бір ғана жолым бар еді. Яғни бәрін сезініп, нағыз эмоцияларды жүректің түкпірінен өткізу арқылы ойнап шықтым. Шынайы беріліп ойнағандықтан қолымыздан келді деп ойлаймын», - деді актриса.

ELIT5037.jpg

Өзгелердің жаңалығы