Ұлттық спорт түрлерінен V фестиваль өз мәресіне жетті

27 Қыркүйек 2019, 18:05
3325
Бөлісу:
Ұлттық спорт түрлерінен V фестиваль өз мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде бір аптаға созылған ҚР V фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлады «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі.

Дүбірлі додаға еліміздің он жеті өңірінен 800 ге жуық спортшы қатысты. Олар спорттың он екі түрі: Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Теңге ілу, Жамбы ату, Асық ату, Қазақ күресі, Құсбегілік, Тоғызқұмалақ, Жекпе-жектен бақ сынады.

Фестиваль аясында өткен Бәйге, Аламан бәйге, Құнан бәйгелердің бас жүлдесіне автокөліктер тігілді.

Жалпы командалық есепте жүлделі бірінші орынды Түркістан облысы иеленді. Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы тұрақтаса, үздік үштікті Ақмола облысы қорытындылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Спортты дамыту дирекциясы, олимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің басшысы Марал Малдыбаева мен Ұлттық ат Спорт түрлері орталығы директорының орынбасары Нұркен Байбуриев, Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов, Аударыспақ федерациясының президенті Данияр Қобыландин және Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Атамекен Рүстемов марапаттады.

Төрт жылда бір өтетін жарыстың жалауын Ақтөбе өңірі Солтүстік Қазақстан облысына салтанатты түрде табыстады. Енді Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі 2023 жылы Петропавл қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы