Онлайн нұсқасы бар басылымдарды салықтан босату ұсынылды

27 Қыркүйек 2019, 15:05
2307
Бөлісу:
Онлайн нұсқасы бар басылымдарды салықтан босату ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде онлайн нұсқасы бар баспа басылымдарын қосымша құн салығынан босату ұсынылды. 

Қазақстанда онлайн нұсқасы бар баспа басылымдарын қосымша құн салығын төлеуден 10 жыл мерзімге босату ұсынылды. Бұл жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қоғамдық кеңес отырысында БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бақнияз Қарашина айтты. 

«Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер баспа басылымдары үшін қосымша құн салығын нөлдік ставкамен қарастырады. Ол 10 жылдық кезеңге есептелген және 2021 жылдан бастап күшіне енеді. Баспа басылымдарының дамуын ынталандыру және контентті интернет желісінде тарату мақсатында нөлдік мөлшерлеме онлайн нұсқасы барларға ғана ұсынылады. Бұған қоса, аталған талап отандық баспа басылымдарының контентін дамытуға мүмкіндік береді», - дейді Бақнияз Қарашина.

Сондай-ақ, департамент басшысының айтуынша, бұл шара отандық бұқаралық ақпарат құралдарының цифрлық форматқа жаппай көшуіне бастама болады. Заң жобасы биылғы жылдың соңында не келесі жылдың басында Мәжіліске жіберіледі.

Бұған дейін Бақнияз Қарашина «елімізде сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілуі мүмкін» деген еді.

Өзгелердің жаңалығы