Павлодар облысында 8 айдың ішінде жол апатынан 43 адам көз жұмды

27 Қыркүйек 2019, 03:41
1200
Бөлісу:
Павлодар облысында 8 айдың ішінде жол апатынан 43 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жол ережесі мен тәртіпті сақтамауы, көлікті басқарып келе жатқанда ұйықтап кетуі салдарынан орын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.

"2019 жылдың сегіз айы ішінде 623 жол-көлік оқиғасында 530 адам зардап шекті және 43-і көз жұмған. Өкінішке орай, оның екеуі – балалар. Қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдік полиция және Ұлттық ұлан әскери бөлімінің нарядтары іске қосылған девайстармен қызмет атқарады. Бұл полиция қызметкерлерінің үнемі көшелерде, саябақтарда, скверлерде және басқа да қоғамдық орындарда жүруінің тиімділігін көрсетеді, - дейді Жасқайрат Қайыров.

Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 10,4%-ға (490-тен 439-ға), зардап шеккендер саны 10,6%-ға (704-тен 627-ға) төмендегені байқалады. Көз жұмғандардың саны - 36.

Апаттың алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару үшін оқу орындарына тікелей жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдері қызыл және көк түсті жарықдиодтармен жабдықталған.

Облыстың үш қаласында «Балалық шақтың қауіпсіз жолы!» жобасы жүзеге асырылуда. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында 40 билборд орнатылған. Павлодар қаласының әртүрлі бөліктерінде орналасқан LED-дисплейлерде мемлекеттік және орыс тілдерінде 10 бейнероликті тәулік бойы көрсету қамтамасыз етіледі.




Өзгелердің жаңалығы