Ақтау порты мен Доссор арасындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды

27 Қыркүйек 2019, 19:12
2399
Бөлісу:
Ақтау порты мен Доссор арасындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы А-33 «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» автожолының 50 шақырым учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяққтады. 69-119 шақырым аралығындағы учаскеде жұмыстар 2020 жылы аяқталуы тиіс болатын.

"Аталмыш учаскедегі орташа жөндеу жұмыстары «ЧипСил» технологиясының көмегімен жүзеге асты. Бұл қарапайым технология. Тұтқыр қоспа мен инертті материалды орнатып, нығыздау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жол жабынында ерекше төзімді қабат пайда болады. Оның антибликті және жабысу қасиеттері де жоғары. «ЧипСил» кішігірім жарықтарды жамап, асфальтбетонның жоғарғы қабатын судың әсерінен қорғайды. Заманауи технологиялар арқылы жасалған жолдарға кететін шығын 50% төмендеп, жолдың қабаты төзімді, қауіпсіз және ұзақ мерзім пайдалануға жарамды болады", - делінген "Қазавтожол" баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы