10-сыныптың қазақ тілі пәнінде Димашқа қатысты тапсырма бар

27 Қыркүйек 2019, 04:29
3079
Бөлісу:
10-сыныптың қазақ тілі пәнінде Димашқа қатысты тапсырма бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге әнімен әйгілі болған Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қазақстан оқулықтарының бағдарламасына енді, деп хабарлады altaynews.kz.

10-сыныптың қазақ тілі пәнінде әншіге қатысты тапсырмалар бар. Бұл жайт ұстаздар қауымын қуантып тастаған көрінеді.

"Өте қатты қуандық. Себебі оқушыларға әлденені түсіндіру барысында заманауи адам ретінде мысал таба алмайтынбыз. Димаш – біздің оқушыларымыз, өскелең ұрпақ үлгі тұтатын тұлға", - деп пікір  білдірген екен мектеп мұғалімдері.

Осы орайда айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытай оқулықтарына енген болатын. Сонымен қатар, жас әншінің құрметіне тікұшақ атауы қойылды. Ал Ақтөбеде «Димаш бақшасы» ашылса, Алматыда әншінің құрметіне жаңа шай өнімі шыққан. 

Өзгелердің жаңалығы