Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

27 Қыркүйек 2019, 17:31
2190
Бөлісу:
Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманбердінің айтуынша, жәрмеңке Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

«Бүгін кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізіп отырмыз. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осы уақыт аралығында жәрмеңкелер арқылы 5 мыңға жуық жас жұмыс тапты. Бұл тәжірибе ары қарай да жалғаса береді. ЕҰУ – жастардың ең көп шоғырланған орталығы. Сол себепті осы университет қабырғасында өткізуді жөн көрдік. Бұл жәрмеңке жыл соңына дейін өзге оқу орындарында да жалғасады», - деді  Рахманберді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты – ЖОО мен елорда жастары арасында жұмыссыздықты азайту, сондай-ақ тәжірибелі жастарды нақты жұмыспен қамтамасыз ету. Жәрмеңкеге 30-дан астам жұмыс беруіші қатысты. Атап айтқанда, банк, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету саласы және т.б.
Өзгелердің жаңалығы