Түймебаев: Жалпыұлттық қоғамдық диалог орнату – қоғамдық келісім кеңесінің басты міндеті

27 Қыркүйек 2019, 14:50
2689
Бөлісу:
Түймебаев: Жалпыұлттық қоғамдық диалог орнату  – қоғамдық келісім кеңесінің басты міндеті
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда ҚХА-ның бастамасымен 2786 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеуде, олар 23 мыңнан аса адамды біріктіріп отыр. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ҚХА форумында айтты.

Жиын барысында Жансейіт Түймебаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі маңызды рөл атқарып отырғанына тоқталып өтті.

«Біздің бүгінгіфорумның тақырыбы «Қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы қоғамдық келісім кеңесінің рөлі». Бұл Қазақстан президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауын жүзеге асырумен тікелей байланысты. Бұл тұрғыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі маңызды рөл атқарып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда ҚХА-ның бастамасымен 2786 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеп, 23 мыңнан аса адамды біріктіріп отырғанын айтты.

IMG_20190927_104728.jpg

«14 облыстық деңгейді және 3 республикалық маңызы бар қалада жұмыс атқаруда. 42 қалалық, 167 аудандық, 2426 ауылдық деңгейде, 134 кәсіпорындарда кеңес бар. Бұл үлкен күш. Бұл құрылым еліміздегі әр азаматқа дейін жетуге және оларды тыңдап, кең ауқымды мәселелер бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Бізге еліміздегі жұртшылықтың өзекті мәселесін шешу үшін бар күшімізді салуымыз қажет», - деді Түймебаев. 

Сөз арасында, ол жалпыұлттық қоғамдық диалог орнату  – қоғамдық келісім кеңесінің басты міндеті екенін айтып өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықты алаңдатып отырған мәселелерді шешу үшін негізгі бағыттар мен қадамдарды көрсетті, ол барлығымызға қатысты. Президент Жолдауында адамның заңнамалық мүддесін және азаматтардың құқығын қамтамасыз ету бағытында шешуші қадам жасалды. Кәсіпкерлікті дамыту мен отандық экономиканы ынталандыру бойынша анық әрі маңызды қадамдар жасалды. Әлеуметтік саладағы барлық өзгеріс қазақстандық экономика мүмкіндіктеріне сай болу керек. Мемлекет тұрғындардың өмір сапасын өзі жақсартуы үшін жағдай жасайды. Үкімет мемлекеттің көмегінсіз жасалмайтын жерге ғана көмектеседі. Алайда, азаматтар өздерінің қолынан келетінді өздері атқару керек», - деді ол.  

IMG_20190927_103846.jpg

Сонымен қатар, ол Кәсіпкерлер қауымдастығы, қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесі сияқты Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылым өкілдері қоғамдық кеңестің барлық деңгейінде тартылу керектігін айтты. 

«Олар қоғамдық кеңес пен Ассамблея құрылымдары арасында өзара әрекетті ұйымдастырып, азаматтық қоғамды жаппай қолдап, оларды іске асырудағы ұсыныстарды жетілдіруі керек. Сондықтан қоғамдық бақылау аясында Nur Otan партиясы, Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігімен бірігіп осы мәселе бойынша жұмыс істеген жөн», - деді ол.

Бұған дейін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан халықтары ассамблеясының форумында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыны дамытудың жеті стратегиялық бағыты анықталғанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы