15 жастағы жасөспірім ер адамды пышақтап өлтірді

27 Қыркүйек 2019, 12:50
3360
Бөлісу:
15 жастағы жасөспірім ер адамды пышақтап өлтірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық полицейлер жаппай төбелес кезінде 24 жастағы ер адамды өлтіріп алған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Zakon.kz.

Жастар арасындағы жаппай төбелес бейнебақылау қамераларына түсіп қалған.


Қайғылы оқиға қыркүйектің 21-нен 22-сіне қараған түні болды. Жаппай төбелес салдарынан 1995 жылғы Жалғас Сейлханов қаза тапқан. Оның артынан анасы, әйелі және екі кішкентай баласы қалды. Ең кішісінің туғанына не бәрі 2 ай ғана болған.

Жасөспірім ер адамды жүрек тұсынан пышақпен жарақаттап, ер адам тіл тартпай кеткен. Күдіктінің жасы 15-те.

«8 адамнан құралған қылмыстық топ, ең үлкені 17-де, барлығының қолында пышақ болған! Бұл жасөспірімдер аудандық ішкі істер басқармасының тізімінде болған. Олар адамдарды бопсалаумен, ұрлықпен және автокөліктерді ұрлаумен айналысқан», - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы ПД баспасөз қызметі бұл деректі растады.

«Аталмыш қылмыс Ақбұлақ шағынауданында 22 қыркүйек күні түнде болды. Жастар арасындағы кикілжің салдарынан 1995 жылғы С. есімді азамат пышақ жарақатын алып, бірнеше сағаттан кейін №7 қалалық клиникалық ауруханасында қаза болды. Қылмыстың мән-жайын анықтау үшін Алатау ауданы полиция басқармасының арнайы жедел тергеу тобы жіберілді. Күдікті 4 сағаттан соң құрықталды. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2004 жылы туған А. есімді азаматтың іс-әрекеті тергеушілер ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімі бойынша қарастыратын болады», - деп хабарлады Полиция департаментінен.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы