Оралда өрттен 3 адам қаза тапты

27 Қыркүйек 2019, 10:29
1979
Бөлісу:
Оралда өрттен 3 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласындағы «Волна» атты саяжай аумағында өрттен бір бала мен екі ересек адамның денесі табылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саяжайда үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама 27 қыркүйек күні сағат 02:46 келіп түскен. Өрт 35 шаршы метрді шарпыған. Өртті сөндіруге Батыс қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды. 3,5 сағаттан кейін өрт толық сөндірілді.

«Өрт болған жерден 1961 жылы туған ер адамның, әйел және баланың мүрдесі табылды. Әйел мен баланың кім екендері анықталып жатыр», - деді төтенше жағдайлар комитетінде.

Өзгелердің жаңалығы