Ибрагим Берсанов әлем біріншілігін 19-орынмен аяқтады

27 Қыркүйек 2019, 08:50
2101
Бөлісу:
Ибрагим Берсанов әлем біріншілігін 19-орынмен аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін 109 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ибрагим Берсанов сынға түсті, деп хабарлады Olympic.kz.

"В тобында сынға түскен Берсанов қоссайыс нәтижесі бойынша 380 келіні (175+205) көтеріп, жалпы есепте 19-орын алды", - делінген хабарламада. 

Бұл салмақта армениялық Симон Мартиросян топ жарды. Күміс жүлдені Беларусь Андрей Арямнев, қоланы қытайлық Янг Же иеленді. 


Өзгелердің жаңалығы