Павлодар облысында қарбыз фестивалі өтеді

27 Қыркүйек 2019, 10:44
2388
Бөлісу:
Павлодар облысында қарбыз фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бүгін Шарбақты ауылында «QARBYZ prezent» қарбыз фестивалі өтеді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, бағдарламада ауылдық округтердің қатысуымен қарбыз шығармашылық көрмесі, музыкалық сәлемдемелер, «QARBYZ fashion» атты дефиле бағдарламасы өтеді. Сондай-ақ, қарбызбен боулинг, дойбы сияқты қызықты спорттық ойындар өтеді.

"Ауданның үздік белсенді  бағбандарының бақша дақылдары алаңдары ұйымдастырылады. Барша қатысушылар мен қонақтарға мерекелік қарбыздан дәм ұсынылады. Бұдан басқа, тай бәйге, аламан бәйге, ұлттық спорт түрінен гір көтеру, арқан тартыс, бұқа тартыс ойындарын тамашалай аласыздар", - дейді ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Еренұлы.

Шара барысында көрермендер қарбыз алаңдарын аралап, концерттік бағдарламаны тамашалайды. Мерекелік шара барысында сауда-саттық жәрмеңкесі өтеді.
Өзгелердің жаңалығы