Елордалық жұмысшы жастар арендалық баспанаға өтініш бере алады

27 Қыркүйек 2019, 12:19
1667
Бөлісу:
Елордалық жұмысшы жастар арендалық баспанаға өтініш бере алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында биыл жұмысшы жастарға 1050 арендалық баспана беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін мәслихатта Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлімдеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік саясаттың басым бағыты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету екендігін айтты. Ағымдағы жылдың қараша айында біз жұмысшы жастарға жалдамалы 1050 пәтерге өтініш қабылдауды бастаймыз. Өтініштер Smart Astana платформасы көмегі арқылы жүзеге асырылады», - деді ол.

Бұған қоса, басқарма басшысы елордада жүргізіліп жатқан жастарды қолдау шараларына тоқталды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге гранттар беріледі. Биыл 63 жас кәсіпкер грантқа ие болды», - деп қосты Рахманберді.

Бұған қоса, әкімдік әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға баса назар аударатынын айта кеткен жөн. Мәселен, биыл тұрмысы төмен отбасыларлардың 165 баласы грантқа ие болып, оның 140 ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, ауылшаруашылығы және биоресурстар саласына оқуға түсті. Қалған 25 педагогика ғылымына байланысты мамандық бойынша білім алып бастады. Сонымен бірге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыға жататын 49 түлек Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің арнайы грантына ие болды. Олар жетімдер, балалар үйінің түлектері, мүгедек және ата-ананың қамқорлығысыз қалған, көпбалалы отбасылардың балалары қала экономикасы үшін маңызды басымлыққа ие мамандық бойынша оқуға түсті.
Өзгелердің жаңалығы