Все новости за 23 қаңтар 2026
-
-
Қар, боран, көктайғақ; 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 24 қаңтарда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Астанада 15 мың жалған науқас тіркелген клиника ісі бойынша үкім шықты
Астанада сот әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қаражатын заңсыз иемдену дерегі бойынша айыптау үкімін шығарды. Іс жеке клиниканың құрылтайшысы мен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкеріне қатысты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қарағанды облысында жаңа жедел басқару орталығы іске қосылды
Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданында аудандық полиция басқармасы жанынан жедел басқару орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz –ке сілтеме жасап.
-
ТЖМ тікұшағы екі жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Степногорскке жеткізді
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағы Көкшетау қаласынан Степногорск қаласына екі жаңа туған нәрестені шұғыл медициналық эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтау тұрғындарының коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асқан
Ақтау қаласы тұрғындарының коммуналдық қызметтер үшін берешегі 2 миллиард теңгеден асып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бірқатар өңірде жол қозғалысына шектеу енгізіледі
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты бүгін, 23 қаңтар сағат 20:00-21:00-ден бастап еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мейрамхана иесі төрт адамды улады: Екеуі көз жұмды
Бұрынғы мейрамхана иесі төрт адамды улағаны үшін айыпталды. Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ People басылымына сілтеме жасап.
-
Жасанды интеллект пен дрондар: Астанада заманауи криминалистика көрсетілді
Астанада «Заманауи криминалистикалық шешімдер» атты криминалистикалық техника бағдарламасы өтті. Іс-шара 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астана қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Рингтен тыс күш қолданбаймын": Сәпиев орынбасарымен жанжалға қатысты пікір білдірді
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басшысы Серік Сәпиев орынбасары Даурен Есімхановпен болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылғы 12 тамызда Жерде катаклизм бола ма? NASA жауап берді
АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) Жерде гравитация жоғалады деген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ New York Post басылымына сілтеме жасап.
-
Кісі өлтірді: Рудныйда 16 және 17 жастағы екі жасөспірімге іздеу жарияланды
Рудный қаласында адам өлтіру дерегі бойынша екі жасөспірімге іздеу жарияланды. 2008 және 2009 жылғы күдіктілерге қатысты бағдарлау Қазақстан аумағы бойынша барлық полиция бөлімшелеріне таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
-
Әлеуметтік желідегі тағам жарнамасы қалай тексеріледі: Комитет түсіндірді
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі қалай бақыланады, әлеуметтік желілерде жарнамаланатын өнімдер қалай тексеріледі және заң талаптарын бұзғандарға қандай шара қолданылады? Бұл сұрақтарға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан алтын резервтерінің өсімі бойынша әлемде 6-орынға шықты
Қазақстан соңғы жиырма жылда алтын резервтерін едәуір арттырып, әлемдік рейтингте алтыншы орынға тұрақтады. 2000–2024 жылдар аралығында елдің алтын қоры шамамен 227 тоннаға өсті. Бұл көрсеткіш Қазақстанды алтын қорының таза өсімі бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарына енгізді. Орта көлемдегі экономика үшін бұл — сандық емес, сапалық тұрғыдан маңызды жетістік, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әкесін аяусыз ұрып-соққаны үшін сотталды: Прокуратура үкімді қатаңдатуды сұрады
Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған іске қатысты прокуратура үкімді қатаңдатуды сұрап, апелляциялық наразылық келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пхукеттен Ресейге ұшқан ұшақ Қытайда шұғыл қонды
Azur Air әуе компаниясының Пхукет – Барнаул бағыты бойынша ұшқан рейсі Қытайдың Ланьчжоу әуежайына жоспардан тыс қонуға рұқсат сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Перуашев: Салық кодексіне ұсыныстарымызды қайта пысықтаймыз
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қаңтардан күшіне енген Салық кодексіне, қажет болған жағдайда, түзетулер енгізу керегін айтқан болатын. “Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Президенттің бұл сөзі партия мүшелеріне қуаныш сыйлағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мас күйінде көлік басқарған астаналық судья қызметінен босатылды
Астанада мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталған судья Әсел Досаева қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Жоғары сот кеңесі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапонияда парламенттің төменгі палатасы таратылды
Жапония парламентінің төменгі палатасы – Өкілдер палатасы мерзімінен бұрын өтетін жалпыұлттық сайлау өткізу үшін таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құрылтай, вице-президент және жаңа саяси жүйе: Билікте не өзгереді?
Қазақстанда саяси жүйені қайта форматтау мәселесі күн тәртібіне шықты. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Парламентті жаңа форматта қайта құруға қатысты бірқатар бастама көтерді. Осы және өзге де өзекті мәселелерді Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаевпен талқыладық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қар, жаңбыр, жел: Қазақстанда сенбі күні ауа райы қандай болады?
Елімізде 24 қаңтар, сенбі күні жауын-шашынды және қолайсыз ауа райы сақталмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев Олимпиада және Паралимпиада құрамасына Мемлекеттік туды табыстады
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда алғаш рет донорлық қабықты трансплантациялау жүргізілді
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада 2025 жылы 11 107 операция жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 648-ге көп. Оның 3 722-сі, яғни әрбір үшінші операция, аз инвазивті – науқасқа барынша аз зиян келтіретін заманауи технологиялар арқылы жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Банк басшысы: Мың әйелдің біреуі ғана ипотека төлеуге қиналады
“Отбасы банк” АҚ басқарма төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Ләззат Ибрагимова кредит алған мың әйелдің біреуі ғана несие төлеуге қиналатынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Рейсті кешіктіреді, бірақ тамақ та, қонақ үй де бермейді: Отандық авиакомпаниялар сынның астында қалды
Әуе рейстері кешіккен кезде жолаушылар ақпаратсыз әрі қорғансыз қалып отыр. Бұл туралы Еуразиялық тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Светлана Романовская Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Авиакомпания қызметкерлеріне берілетін 90% жеңілдікті жою ұсынылды
Қазақстандағы әуе тасымалында әділетсіздік белгілері байқалып отыр. Бұл туралы «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Ғалым Байтоқ Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қайтарылмайтын ұшақ билетіне тыйым салу ұсынылды
Қайтарылмайтын әуе билеттері қоғам наразылығын тудырып отыр. Бұл туралы «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Ғалым Байтоқ Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Катон-Қарағайға енді ұшақпен баруға болады
Биыл Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі елді мекендерінде жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталмақ. Бұл туралы Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Миына қан құйылған": Қаскелеңде оқушының неден қайтыс болғаны анықталды
Кеше Қаскелеңдегі Қаныш Сәтбаев атындағы мектепте тоғызыншы сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлап, көз жұмған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ең ықпалды адамдар: Саясаттанушылар бірпалаталы парламент депутаттары туралы айтты
Жаңа парламент өз өкілеттігін қаншалықты кеңейтеді?
-
Қазақстаннан 30 елге 135 халықаралық әуе бағыты ашылған
Қазақстанда халықаралық әуе қатынастарының географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұл туралы Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Рейстер кешігеді, билет қымбат: Мәжілісте авиация проблемалары талқыланды
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым авиациялық қызмет саласында қордаланған проблемаларды тікелей министрліктердің, мемлекеттік органдардың және авиакомпаниялардың қатысуымен жан-жақты қарау қажеттігін айтты. Оның сөзінше, бұл – қоғам үшін өте өзекті тақырып, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қозғалған іс аясында тағы бір қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы – «Неке қиюға мәжбүрлеу» бойынша қозғалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қалпына келтіру медицинасы: Заманауи реабилитация қалай жүргізіледі?
Инсульт, жарақат немесе күрделі операция адам өмірін санаулы минутта түбегейлі өзгертуі мүмкін. Мұндай жағдайда бұрынғы қалыпты өмір ырғағына кәсіби көмексіз оралу көпшілік үшін оңайға соқпайды.
-
Жекеменшік мектептердегі бюджет қаражатын жымқыру анықталды
Үкімет Мемлекет басшысының бюджеттік тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде экономиканың негізгі салаларында қаражатты жұмсаудың тиімділігіне жүйелі талдау жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысқан төбелестің видеосы желіде тарады
Интернет желісінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қатысуымен болған төбелес бейнеленген видео пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады
Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жеке деректерді жоюға 15 күн беріледі: Қазақстандықтар нені білуі керек?
Елімізде жаңадан енгізілген Цифрлық кодексте жеке деректерді жоюдың мерзімі мен тәртібі нақты бекітілді. Енді сервистердің иелері пайдаланушының өтінішінен кейін 15 күннің ішінде ақпаратты жоюға немесе өңдеуді тоқтатуға міндетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ұлттық қор – балаларға": Әр балаға қанша теңге аударылатыны белгілі болды
2026 жылы "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша әр балаға шамамен 130 доллар аудару жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жеке деректерге жүгінуді бақылау жүйесі енгізіледі
Қазақстанда жаңадан қабылданған Цифрлық кодексте "азаматтың цифрлық кеңістігі" деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл кеңістікте жеке деректерге жасалған барлық жүгінулер туралы ақпарат тіркеліп отырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ипотеканы қазір алмау керек – Ұлттық банк төрағасы
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жоғары базалық мөлшерлеме кезеңінде ипотекалық несие алуға асықпаған жөн екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министрлік "Күнделік" қосымшасынан деректердің таралу жағдайын түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун "Күнделік" жүйесінен балалардың деректерінің таралуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Вице-президент, Халық кеңесі, Құрылтай: Қазақстанды не күтіп тұр?
Қазақстанда басқару жүйесін түбегейлі өзгертетін жаңа саяси реформалар кезеңі басталды. Вице-президент институтын енгізу, Халық кеңесін құру және Парламентті Құрылтай ретінде жаңғырту – бұл жекелеген бастамалар емес, мемлекетті басқарудың тұтас философиясын қайта құруға бағытталған қадам. Парламент Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы BAQ.KZ тілшісіне осы өзгерістердің мәні, мақсаты және ел болашағына ықпалы туралы айтып берді.
-
Алғашқы жинаққа үй алу керек – Банк басшысы кеңес берді
“Ақ жол арулары” республикалық форумында "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Ләззат Ибрагимова қаржы сауаты кезең-кезеңімен қалыптасатынын айтып, алғашқы активті үйге салуға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кибершабуыл күшейді: Қазақстанда азаматтардың деректері қалай қорғалады?
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун азаматтардың жеке деректерінің таралып кету қаупіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Цифрлық кодекс қазақстандықтар үшін нені өзгертеді?
Мемлекет басшысы 9 қаңтарда Цифрлық кодекске қол қойды. Құжат жеті бөлімнен тұрады және цифрлық ортаны реттеудің бірыңғай ережелерін белгілейді. Бұл ережелер цифрлық ортадағы субъектілер мен объектілер арасындағы қатынастарды да қамтиды. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, Кодекс адамға бағдарланған сипатқа ие және ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Халықаралық журналист Қазақстандағы реформаларға баға берді
Қытайдың Астанадағы «Жэньминь жибао» газеті филиалының жетекшісі Ли Цян Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жариялаған реформалар пакеті Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және институционалдық тұрақтылықты күшейтуге бағытталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Өтінемін, керек емес": Оралда оқушыға жасалған қорлыққа полиция пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде Орал қаласында мектеп оқушысының ұрып-соғылғаны бейнеленген видео тарады. Мәліметтерге сәйкес, бейнежазба өткен жылдың қазан айында түсірілген және марқұмның туыстарының айтуынша, онда №17 мектеп оқушысына жасалған кезекті қорлық көрініс тапқан. Сондай-ақ, оқиға сәтін шабуыл жасағандардың өздері түсіргені атап өтіледі.
-
Айыппұлдар салынбайды: 2026 жыл шағын бизнес үшін өтпелі кезең болады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігінің фискалдық саясатын дамыту және ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға құзырлы ведомстволар мен өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр
“Ақ жол” демократиялық партиясы ресми түрде әйелдер қанатын ашып, “Ақ жол арулары” республикалық форумын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Базалық мөлшерлеме 18 пайыз деңгейінде қалды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды
Әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен төбелескені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Райымбек Баталов отставкаға кетіп, орнына Шарлапаев келді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII Съезінде жаңа президиум төрағасын сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бизнес жаппай жабылады деген қауіп рас па? – Бектенов жауап берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің халыққа Жолдауында және Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттері аясында Электронды қаржы орталығының (ЭҚО) цифрлық инфрақұрылымымен және халық пен бизнеске салық реформасы туралы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астаналық оқушылар түстен кейін де мектепке бармайтын болды
Астана қаласы Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін екінші маусымда оқитын балалардың сабағын онлайнға ауыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Заң бұзған жекеменшік мектептер жабылады – министр
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова талапқа сай жекеменшік мектептер жұмысын жалғастыратынын, ал заң бұзғандар жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түрмеден босатылған азаматтарға үй берілді
Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы меценаттармен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көпбалалы анаға үш бөлмелі үй сыйлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парламент реформасының тиімділігі неде? – Армения сарапшысымен сұхбат
Қазақстанда Парламенттің құрамы мен өкілеттіктері қайта қаралып жатыр. Бұл өзгерістер саяси жүйені нақты күшейте ала ма, әлде формалды сипатта қалу қаупі бар ма? Осы сұрақтарға Армян орнықтылық және мемлекеттік басқару институтының басшысы Геворг Меликян халықаралық тәжірибе тұрғысынан жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Зеленский мен Трамп келіссөзі, ChatGPT-дің жаңа ережелері
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Трамп Иран жаққа ірі әскери флот жіберді
Al Jazeera хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты әскери бақылаудың күшейтілгенін мәлімдеп, америкалық ірі әскери-теңіз флоты Парсы шығанағы аймағына бет алғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1975 жылдан кейін туғандарға зейнетақы басқаша есептеледі
2025 жылы жұмыс берушілер 5 514 050 жұмыскердің пайдасына 760 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан 260 млн доллар қарызбен шығып жатыр
22 қаңтардан бастап АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мүшесі болып саналмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Көкшетауда мектептерге жасалуы мүмкін шабуылдар туралы хабарламалар тексеріліп жатыр
Көкшетау қаласында мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабарламалардың таралуына байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Ақмола облысы Полиция департаменті бұл ақпараттың расталмағанын және жалған (фейк) екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады,деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемдегі ірі қалалар су тапшылығына тап болды
Watershed Investigations ұйымы мен The Guardian басылымы жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемдегі ең ірі 100 қаланың жартысы су тапшылығының жоғары деңгейін бастан өткеріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жекеменшік мектептер неге қымбаттады: Министрлік түсініктеме берді
Редакциямызға оқырманнан келген хаттар бойынша Астана қаласындағы бірқатар жекеменшік мектептердегі оқу ақысы 2026 жылдан 30-40 пайызға дейін қымбаттап жатқаны белгілі болды. Оның себебі неде және Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептердегі оқу ақысының өсу динамикасын бақылай ма? BAQ тілшісі министрлікке ресми сауал жолдап, жауап алды.
-
Зеленский Трамппен келісімге келе алмады
Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен өткен кездесуде қауіпсіздік кепілдіктері мен соғыстан кейінгі ел экономикасын қалпына келтіру мәселелері бойынша келісімдерге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Financial Times басылымына сілтеме жасап.
-
Әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингі жарияланды
20 қаңтарда Brand Finance консалтингтік компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ChatGPT пайдаланушылардан селфи талап ете бастайды
ChatGPT пайдаланушылардың жасын анықтау жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
23 қаңтарға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еуропарламент Урсула фон дер Ляйенге қатысты сенімсіздік вотумын төртінші рет қабылдамады
Еуропарламент депутаттары Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенге сенімсіздік вотумын қабылдамады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өзбекстанның ұлттық туының түстеріндегі көйлек үшін модельге айыппұл салынды
Ташкентте сот халықаралық сұлулық байқауында ел намысын қорғаған 21 жастағы модельді Өзбекстанның ұлттық туының түстерінде тігілген көйлекпен сахнаға шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін жарна төлеген жоқ – Ақорда
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанның ешқандай қаржылық жарна төлемей-ақ Бейбітшілік кеңесіне кіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан спортшылары шорт-тректен Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх