Все новости за 16 қаңтар 2026
-
-
Ақтөбеде ер адамнан ақша бопсалаған күдікті келіншек ұсталды
Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары кезінде әйел адамның ақша бопсалаумен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
7 см қар түсті: Алматы әкімдігі көлік жүргізушілеріне жүгініп, мәлімдеме жасады
Алматыда қардың тоқтаусыз жаууына байланысты тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қала билігі көлік жүргізушілеріне жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 2026 жылғы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының Қазақстан аумағында тікелей эфирде көрсетілетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райы күрт бұзылды: үш облыста жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарышұнақ аяз: ертең еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 12 облысында 17 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Түркістан облысында емхана басшысынан 1 млн теңге талап еткен блогер ұсталды
Түркістан облысында медициналық мекеме басшысынан ақша талап еткен блогер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Денсаулық сақтау жүйесі толық цифрландырылады: Үкімет ӘМСҚ реформасын бастайды
Үкімет денсаулық сақтау саласындағы қаржылық және әкімшілік процестерді толық цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау қорытындысы бойынша белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
996 марқұмға көрсетілген қызмет: ӘМСҚ деректері тергеуге жолданады
Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет медициналық қызметтерді қаржыландыру жүйесіне жүргізілген талдау нәтижелерін құқық қорғау органдарына жолдауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Тұрмысқа шығуға мәжбүрледі": 17 жастағы студенттің мәлімдемесі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Шымкент қаласының 17 жастағы студенті зорлықпен тұрмысқа шығаруға әрекет жасалғанын мәлімдеді. Полиция ҚР ҚК-нің 125-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ойын кезінде екі жасөспірім құм астында қалып, қаза тапты
Екі 14 жастағы жасөспірім ойын кезінде құм астында қалып, қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ People басылымына сілтеме жасап.
-
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Рикардо Камара Собралдың (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚФФ-ға сілтеме жасап.
-
6,5 млрд теңгелік қаржы пирамидасын басқарған күдікті Грузиядан елге жеткізілді
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматшасын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалған пациенттер мен қосарланған төлемдер: Үкімет ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің қарамағына берді
Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет медициналық қызметтерді қаржыландыру жүйесіне ауқымды талдау жүргізді. Нәтижесінде жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыру барысында бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнетақы төлемдері 5 пайызға артты
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерін 5 пайызға көбейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АҚШ, Иран, Венесуэла: Турбулентті әлемде Қазақстан не істеуі керек?
Әлемдік саясатта тұрақсыздық күшейіп, халықаралық құқықтың әлсіреуі, ірі державалардың күшке сүйенуі және аймақтық қақтығыстардың ушығуы жаңа геосаяси шындықты қалыптастырып отыр. Осы орайда саясаттанушылар мен депутаттар қазіргі ахуалға баға беріп, Қазақстан үшін негізгі басымдықтарды атап өтті.
-
Өзін әлеуметтік әлсіз етіп көрсететіндер көбейді: Оларға жаза бар
Қазақстанда "әлеуметтік масылдық" ұғымы қоғамдық талқылауларда жиі айтылғанымен, ол заңнамалық деңгейде бекітілмеген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтты.
-
Қазақстан парламентіне 30 жыл: Өтпелі кезеңнен тұрақты парламентаризмге дейін
Қазақстан Республикасының Парламенті – тәуелсіз елдің саяси жүйесіндегі басты институттардың бірі.
-
"Мені қорғай аласыздар ма?": Қызылордалық бойжеткеннің артынан жігіт қалмай жүр
Қызылорда қаласының Жазира Қуанышбай есімді тағы бір бойжеткен қоғамнан араша сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызылордадағы құрылтайдан не күтеміз? – Азаматхан Әміртай пікірі
Ұлттық құрылтай мүшесі, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Ұлттық құрылтай аясында көтерілген бастамалар мен олардың нақты нәтижелері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қыста шетелге саяхаттау арзан болады – маман
25 жастан асқан әрбір қазақстандық жылына бір саяхатқа шығуды жоспарлайды. Бұрын ол алыс арман болып көрінсе, бүгінде қолжетімді дүние. Бірақ шетелге алғаш рет шығуды жоспарлап жүргендер үшін ең маңызды сұрақ: қай елге бару тиімді, қандай маусымда бағалар арзандайды және нені алдын ала білу қажет? Осы тақырып төңірегіндегі сауалдарға BAQ.KZ тілшісі туристік агенттік жетекшісі Гүлдана Иманбайдан жауап алды.
-
Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскери жағдай жариялаған экс-президент 5 жылға сотталды
Оңтүстік Корея Республикасының бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
-
Қазақстанда банк жүйесі түбегейлі өзгереді: Жаңа заң нені көздейді?
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер де онлайн жұмыс істей ала ма?
Ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылған жағдайда педагогтер де мектепке келмей, қашықтан жұмыс істеуіне болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы дүниеден өтті
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Минлиахмедқызы Қонаева 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қонаев қорына сілтеме жасап.
-
Теміржолшыларға баспана: Президент ҚТЖ бастамасын қолдады
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада үйді арзан бағамен алуға болатын бағдарлама басталды
Астанада 2-5% мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
21 жастағы қыз өлімі: Шымкент полициясына қатысты қызметтік тексеру тағайындалды
Шымкент қаласында қыздың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеу барысы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қызметтік тексеру басталды, күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ресей СІМ-і Соловьевтің арандатушылық мәлімдемелеріне пікір білдірді
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Мәскеудің ТМД елдеріне қатысты саясатына пікір білдіре отырып, ресми тұлғалардың мәлімдемелеріне сүйеніп, істің мәніне қарауға және фейк ақпараттарға ермеуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысында заңсыз алтын өндірген 5 адам анықталды
Абай облысында алтынды заңсыз өндіру фактілерінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы паспорт, куәлік және жүргізуші құжатын жасату қанша теңге тұрады?
2026 жылы Қазақстанда АЕК мөлшері өзгерді, қазір ол 4 325 теңге. Осыған байланысты мемлекеттік баждың құны да жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан реформаларына инвестиция: Халықаралық қаржы тарту күшейеді
Олжас Бектенов Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодардағы өрт: Екі баласы қаза тапқан отбасына 3 бөлмелі пәтер беріледі
Ертіс ауданы әкімдігі өрттен екі баласы қаза тапқан отбасына пәтер берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысында жедел жәрдем әйел мен нәрестені ауруханаға жеткізе алмады
Ақтөбе облысында жедел жәрдем боранға байланысты әйел мен нәрестені ауруханаға жеткізе алмай, құтқарушылар оларға көмек көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Синоптиктер алдағы күндері қалың қар жауып, көктайғақ пен боран болатынын ескертті
Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
60 әлеуметтік жобаны жүзеге асырған қор "Халықтың сүйіктісі" атанды
Астанада өткен «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығын тапсыру рәсімінде Halyk қоры жүзеге асырып жатқан бастамалар жоғары бағаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік көмек "сүзгіден" өтеді: Қандай төлемдер қысқармақ?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті BAQ.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында мемлекеттік қолдауды атаулы әрі әділ көрсетуге бағытталған жаңа тәсілдер әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
-
2026 жылдан бастап салық қалай өзгереді: Кім аз, кім көп төлейді?
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығы бұрынғыдай есептелмейді. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, енді бірқатар азаматтар ЖТС төлемеуі мүмкін, ал табысы жоғары адамдар көбірек салық төлейді. Бұл өзгерістер кімдерге қалай әсер етеді? Осы сұрақтарға Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Айгүл Абасова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент өкімімен Нұржан Тұрсынханов жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Туған әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға қамалды
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев қарт әкесіне қатысты қатыгездік көрсетіп, оны қорлағаны үшін, сондай-ақ дәрменсіз күйде болған ата-анасына орташа ауырлықтағы қасақана дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Петропавлда жоғалып кеткен әже аурухана маңында үсік шалып, қайтыс болды
Із-түссіз жоғалған ретінде тіркелген 75 жастағы зейнеткер Петропавлдағы аурухана ғимаратының маңынан табылды. Зейнеткер үсіп, гипотермиядан қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЮНИСЕФ: Газа секторында балалар аштықтан қырылып жатыр
ХАМАС пен Израиль арасында атысты тоқтату жөнінде келісім жасалғанына қарамастан, Газа секторында балалар шабуылдар мен суықтың салдарынан әлі де қаза тауып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
КТК-дағы шектеулер: Қазақстан 300 мың тонна мұнайды балама бағыттарға жіберді
2025 жылғы желтоқсанда Каспий құбыр консорциумы (КТК) жүйесіндегі шектеулерге байланысты Қазақстан шамамен 300 мың тонна мұнайды өзге экспорттық бағыттарға қайта бағыттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда медициналық қызметтер ақысы өзгереді
Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ККТМК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында медициналық ұйымдардың қызметіне ақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Кризис жоқ": Депутат Қазақстан неге өсіп жатқанын, оны неге көпшілік сезбейтінін түсіндірді
Мәжіліс депутаты Болатбек Алиев Қазақстанда “үздіксіз кризис” туралы айтылатын әңгімелер көбіне нақты экономикалық үдерістерді көрсетпейтінін айтып, жағдайды эмоциямен емес, фактілер арқылы бағалауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.kz.
-
ҚҚС реформасы: Қай елде салық жоғары?
Қосылған құн салығы (ҚҚС) – тұтынуға салынатын жанама салық, соңғы тұтынушы төлейтін, әрі көптеген мемлекеттердің бюджетін толықтыратын негізгі кіріс көздерінің бірі. Бұл салық тауарлар мен қызметтердің әр өндіріс және тарату кезеңіне қосылған құнға салынады және әлемнің көптеген елінде енгізілген.
-
Тоқаев банктерге қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда мотор майлары қатаң тексеріледі
Қазақстанда автокөлік жүргізетін әр адамға қатысты маңызды өзгеріс енгізілмек. Энергетика министрлігі 2026 жылдың ақпан айынан бастап мотор майларына міндетті цифрлық таңбалау енгізілетінін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астаналық оқушылар сабағын онлайн жалғастырады
Астана қаласында екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі өмірден өтті
Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі, көрнекті дінтанушы ғалым Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада шөбересін зорлаған 82 жастағы ер адам 20 жылға сотталды
Астана қаласының соты 82 жастағы ер адамды жеті жастағы шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
-
АҚШ Африкадағы экономикалық ықпалын сақтай алмай отыр
АҚШ Африкадағы экономикалық ықпалын сақтауда қиындықтарға тап болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
-
Әлемде: Трамп Нобель медалін алды, Франция Гренландияға әскер жіберді
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Интернеттегі «махаббат»: Әйел кейпіндегі алаяқ виртуалды танысын 4 млн теңгеге алдады
Астанада 20 жастағы жас жігіт интернет арқылы алаяқтық жасап, Tinder қосымшасында әйел адамның атымен «Нұрай» болып тіркелген. Ол виртуалды танысымен Telegram арқылы байланыс орнатып, әртүрлі сылтаулармен одан ақша алып отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылды: Қаза тапқандар бар
Маңғыстау облысында автобус аударылып, жол апаты болды. Апат салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Science News: Соңғы үш жыл – тарихтағы ең ыстық кезең
Соңғы үш жыл – 2023, 2024 және 2025 жылдар – аспаптық бақылаулар басталғалы бері ең ыстық кезең ретінде тіркелді. Бұл туралы Science News журналы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жылы еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады
2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 629 кәсіпорында жүргізілген тексерулер барысында 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам берешек барын анықтады. Сонымен қатар еңбек заңнамасының 8,7 мыңнан астам бұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қолғау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Трамп Венесуэла оппозициясының лидері сыйлаған Нобель медалін қабылдады
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадодан Нобель бейбітшілік сыйлығының медалін қабылдады. Бұл кездесу Ақ үйде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Қостанай облысында 44 адам жылыту пунктіне жеткізілді
Қостанай облысында жол жабылуына байланысты 44 адам жылыту пунктіне жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Венесуэладан мұнай тасымалдайтын тағы бір танкер АҚШ бақылауына өтті
Кариб теңізінде санкцияланған кемелер үшін Дональд Трамп белгілеген карантинді бұзған Veronica танкерін ұстады. Бұл туралы АҚШ Қарулы Күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Мұнай арзандаса, өндіріс те, әлеуметтік уәде де қысқарады – Рашид Жақсылықов
Мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасына ауыр соққы болуы мүмкін. Әсіресе әлеуметтік міндеттемелер мен мұнай өндірісінің рентабельділігі тәуекел аймағында тұр. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағы президиумының төрағасы Рашид Жақсылықов айтты.
-
Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгін, 16 қаңтар күні еліміздің бірқатар қаласында ауа сапасының нашарлайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан – Иран: саяси диалог пен экономикалық байланыстар талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Казем Гарибабадимен кездесті. Кездесуде Таяу Шығыстағы және жалпы әлемдегі қазіргі ахуалдың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
НАТО Арктикадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа стратегияларды қарастыруда
НАТО Арктикадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа стратегияларды қарастыруда. АҚШ Президенті Дональд Трамп Гренландияны толық бақылауға алуды қалағандықтан, альянс мүшелері бұл шешімнің қауіпсіздікке және одаққа ықтимал әсерін талқылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Ақмола облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Ақмола облысында қысқы балық аулауға шыққан 6 адам Целиноград ауданының Жарлыкөл көлінен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
G7 елдері Иранға қосымша санкция енгізуге дайын екенін жариялады
G7 елдерінің Сыртқы істер министрлері мен ЕО Жоғарғы өкілі Кая Каллас Ирандағы наразылық білдірушілерге қарсы "қатаң репрессияны" айыптап, қосымша шектеу шараларын енгізуге дайын екенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Макрон: Франция Гренландияға құрлық, әуе және теңіз күштерін жібереді
Франция Гренландияға әскери контингентін жіберіп үлгерді және жақын күндері оны күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон елдің оңтүстігіндегі Истр авиабазасында әскери қызметшілер алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Газа жоспарының екінші кезеңі: келісімге қол жеткізу қиынға соғуы мүмкін
Газа секторында екі жылдық соғыстан кейін толық күйреу орын алды. АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарының екінші кезеңі іске қосылғанымен, оның жүзеге асуына бірнеше маңызды кедергілер кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Трамп: Украинадағы бейбіт келісімді Путин емес, Зеленский тежеп отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында Украинадағы бейбіт келісімнің баяулауына Ресей емес, Украинаның президенті Владимир Зеленский кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх