Все новости за 6 қаңтар 2026
-
-
АҚШ демократтары Трампқа импичмент жариялау мәселесін көтерді
АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекетінен кейін елдегі демократиялық партияның кейбір өкілдері оның импичменті бойынша бастама көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана құтқарушылары тұрғындарға үндеу жасады
"Қазгидромет" мәліметінше, бүгін Астанада қар жауып, бұрқасын соғады. Сондай-ақ күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сыртқы істер министрі Хорватия елшісін қабылдады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Хорватия Республикасының елшісі Рефик Шабановичті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанаға қосымша пойыздар қатынайды
Ұлттық тасымалдаушы өңірлер арасындағы қатынастың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қала маңындағы қосымша пойыздарды жолға шығарғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ІІМ мен ДСМ көлік айдауға болмайтын ел азаматтарын анықтады
Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу және олардың қолжетімділігін шектеу бағытында жүйелі жұмысты бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар мен қатты жел: Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды?
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 7 қаңтарға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Ескерту 6 қаңтар сағат 20:00-ден 7 қаңтар сағат 20:00-ге дейін күшінде болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда ипотека бойынша маңызды талап уақытша тоқтатылды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен еліміздің Ұлттық банкі бірлескен қаулы қабылдап, оған сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету талабы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақмола облысы "ақылды АӨК" пен цифрлық қауіпсіздікке көшуде
Президенттің жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ақмола облысында Ауыл шаруашылыға министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мен қоғамдық қауіпсіздік жүйесіне AI технологиялары енгізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Марат Ахметжанов баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
50 мың тұрғын сусыз қалуы мүмкін: Талғардағы су таратқыш неге бітпей тұр?
Талғар қаласында 4 жылдан бері салынып жатқан магистральдық су таратқыштың құрылысы тоқтап тұр. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов қалаға арнайы барып, мәселенің мән-жайын білді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапонияның батысында 6,4 балдық күшті жер сілкінісі болды
Жапонияның батысындағы Симанэ және Тоттори префектураларында магнитудасы 6,4 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Цунами қаупі анықталған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo басылымына сілтеме жасап.
-
Жастар және заң: Өскеменде құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді
Өскемен қаласында «Заң және тәртіп» бастамасы аясында Өскемен жылу электр орталығының (ЖЭО) жұмысшы жастарының қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысында бір отбасы із-түзсіз кеткен: ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
Атырау облысы Қызылқоға ауданы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды. Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұқтаж жандарға тиесілі 10 пәтерді заңсыз иеленгендер анықталды
Тараз қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, нарықтық құны 100 млн теңгеден асатын 10 пәтерді азаматтардың заңсыз иеленгенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда зейнетақы көбейді: БЖЗҚ кімдерге қосымша есептейтіні белгілі болды
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері бұрыннан зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін 5 пайызға ұлғаяды. Бұл өсім ай сайынғы төлемдерді индекстеу аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені берілді
Мемлекеттік кеңесші Президент атынан «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне сенімі бар ма?
БЖЗҚ Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейін, зейнетақы жүйесіне деген сенімін және жинақтаушы модельге азаматтардың қатысу белсенділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Зерттеу нәтижесін BAQ.KZ хабарлады.
-
Жекеменшік мектептер мен клиникаларды қаржыландыру қайта қаралады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үй ауласында есірткі өндірген қарағандылық өмір бойына сотталуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы Ораза айы қашан басталады?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күнтізбені жариялаған болатын. Кесте бойынша биыл Ораза 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада аяз күшейсе, Алматыда күн жылынады: Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнде, яғни 7, 8 және 9 қаңтар күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы күтілетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заңгер туыстар мен достар арасындағы қарызды қайтару тәртібін түсіндірді
Туысқа немесе танысқа берілген қаржының қайтпай қалуы қоғамда жиі кездесетін мәселе. Осындай жағдайда не істеу керек? Бұл сауалға заңгер Азамат Марат бірнеше кеңес ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Саяси және экономикалық реформалардың жаңа кезеңі басталады – сенатор
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жыл қарсаңында “Түркістан” басылымына берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жыл ресми түрде "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
2026 жыл: Ипотека, автолизинг, несие мен депозит нарығында не өзгереді?
2026 жыл Қазақстандағы қаржы жүйесі үшін жай ғана кезекті кезең емес, таңдау мен есептің жылы болғалы тұр. Пайыздық мөлшерлемелер саясаты, халықтың борыш жүктемесіне қатысты талаптардың қатаюы және мемлекеттік бағдарламалардың қайта пішімделуі – ипотека алғысы келетіндерге де, депозит ашуды жоспарлағандарға да жаңа есеп жүргізуді талап ететіні сөзсіз. BAQ.KZ тілшісі нарықты зерделеп көрді.
-
Үш өңірде жол қозғалысы шектелді
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада рейстер кешігіп жатыр: 5 бағытта ұшып шығу кейінге шегерілді
Астана халықаралық әуежайында 5 рейс кешіктірілді. Келу бағытында да кідірістер бар. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰБТ 2027 жылы қалай өзгереді? – министрлік түсіндірді
Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің төрайымы Гүлжан Жарасова Үкіметтегі брифингте ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
80 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел ұсталды
Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәулеталин: Экономикалық өсім халықтың қалтасынан көрінуі тиіс
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты” атты бағдарламалық сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Іздеуде жүрген 1600-ге жуық қылмыскер ұсталды
2025 жылы халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде дамыды. Қазақстан аумағынан тыс жерлерде соттан бой тасалап жүрген 156 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнеткерлерге бюджеттен қанша теңге жұмсалатыны белгілі болды
2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджет шығыстары 15,1%-ға өсті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
AI-дәрігер: Күн сайын 40 миллион адам ChatGPT-ден денсаулық туралы сұрайды
Бүгінгі таңда адамдар денсаулық мәселелері бойынша кеңес алу үшін жасанды интеллектке жүгінуді әдетке айналдыруда. ChatGPT платформасы күн сайын 40 миллионнан астам қолданушының сұрақтарына жауап беріп, виртуалды дәрігер қызметін атқаруда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Үлкен өзгерістер жылы”: Сарапшы Тоқаев cұхбатын талдады
PhD, қауымдастырылған профессор, Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беруі соңғы жылдары саяси күн тәртібінің тұрақты элементіне айналғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Венесуэладан кейін кімдер кезекте? Трамп көз тіккен бес ел
АҚШ-та Дональд Трамп президенттігінің екінші мерзімі оның сыртқы саясаттағы қатаң әрі агрессивті ұстанымымен ерекшеленіп отыр. Венесуэладағы түнгі операциядан кейін Трамп Вашингтон ықпалындағы бірқатар елге ашық ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Халықтың 99 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның толыққанды цифрлық елге айналуы үшін барлық негізгі бағыттар қамтылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Отбасы банк" ипотекалық төлем мерзімін 7 қаңтарға дейін ұзартты
Бірнеше күнге созылған техникалық ақауларға байланысты "Отбасы банк" ипотекалық қарызы бар клиенттер үшін төлем жасау мерзімін кейінге қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қаңтардан бастап кімнің мобильді аударымы тексеріледі
2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа бақылау шаралары күшіне енді. Банк картасына үш ай ішінде 100-ден аса адам ақша аударса немесе жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса, бұл операциялар кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Коммуналдық төлемдер: Жыл ортасынан кейін баға қандай болады?
2025 жылдың соңында Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері орта есеппен 10,99%-ға өскені белгілі. Бұл өсім алдымен инфрақұрылымдық шығындардың артуымен, энергия ресурстарының әлемдік бағасының өзгеруімен және операциялық шығындардың өсуімен байланысты болды. Осы жағдай қоғамда 2026 жылы тарифтердің тағы да қымбаттай ма деген сұрақ тудырады. BAQ.KZ тілшісі биыл қандай өзгерістер болатыны туралы зерттеп көрді.
-
17 жастағы қазақстандық талант әлемдік рейтингте алдыңғы орынға шықты
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы ITF юниорлар рейтингінде 12-орынға көтерілді. Бұл туралы ITF баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда "әдемі" нөмірлер алу тәртібі өзгереді
Қазақстандықтар сұранысы жоғары "әдемі" мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатып алуға шамамен 11 мың өтініш берген. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз конференциясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қырғызстанда жер сілкінді
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 6 қаңтар күні ел аумағында магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан көшелеріне жүргізушісіз такси шығады
Биыл Қазақстанда жүргізушісіз таксиді іске қосу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетақы жинағын "тіс емдеуге" шығарған адамдарға не болады?
Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-дан азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есептегіш көрсеткіштері әлі телефонмен жолданады — Премьер цифрландыру туралы
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында қазақстандықтардың өмірінің барлық саласына цифрлық шешімдерді енгізу қажетін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЖИ еңбек нарығын жоймайды, оны өзгертеді – Саясат Нұрбек
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасанды интеллект еңбек нарығында жаппай жұмыс орындарын ығыстыратын құрал емес, ең алдымен, адам еңбегінің өнімділігін арттыру тетігі екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шахтадағы апат: "Соколов-Сарыбайда" жарылыс болып, машинист жарақат алды
Рудный қаласындағы шахтада жарылыс болып, машинист жарақат алды. Оқиға туралы iagorod.kz порталы мәлім етті. Журналистердің сұрауына жауап берген «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның (ССГПО) Корпоративтік коммуникациялар қызметі жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Венесуэладағы саяси дағдарыс: Алда не күтіп тұр?
3 қаңтарда АҚШ Венесуэлада әскери операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны тұтқындады. Ол АҚШ-қа жеткізілгеннен кейін Мадуро мен оның жұбайына «наркотерроризм» айыбы тағылды. Осыдан соң елдің уақытша басшысы ретінде Делси Родригес тағайындалды. Венесуэла саяси дағдарыстың жаңа кезеңіне өтті: бұрынғы көшбасшы биліктен кеткенімен, басқару жүйесі жұмысын тоқтатпаған. Енді басты сұрақ – елді шын мәнінде кім басқара алады және Венесуэланың саяси картасы қалай өзгереді? Бұл мәселелерді BAQ.KZ тілшісі саясаттанушылармен бірге талдады.
-
Жамбыл облысында ұрланған бір үйір жылқы GPS арқылы анықталды
Жамбыл облысында ұрланған 11 бас жылқы GPS арқылы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
AlemGPT: Барлық мемлекеттік қызмет бір платформаға көшеді
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллектті дамыту азаматтар мен бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді едәуір жеңілдететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ХҚКО форматы өзгереді: Енді нені білу керек?
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Apple Store үлгісіндегі Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңселері пайда болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады?
2026 жылы да елімізде бірқатар ипотекалық бағдарлама жалғасын табады. Бірақ кез келген бағдарламаға қатысу үшін үй алғысы келетіндер алдын ала дайындық жүргізуі керек. 2026 жылы кімдерге жеңілдетілген несие қолжетімді, қандай бағдарламалар қалады және баспана алу үшін нені қазірден ескеру керек? Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
-
Тоқаев: Алда ауқымды өзгерістер күтіп тұр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Пойыз бен ұшақта интернет қосылады: Қазақстанға жаңа спутник операторлары келеді
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Үкімет отырысында шалғай елді мекендерді интернетпен қамту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Меморгандар ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзады – Жаслан Мәдиев
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында қабылданған шараларға қарамастан, мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Олжас Бектенов: Президенттің тапсырмалары нақты салалық міндеттерді айқындайды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының бағдарламалық сұхбатында алдағы кезеңге арналған бірқатар нақты міндеттер қойылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов: Есеп пен презентация емес, нәтиже керек
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға бюджет қаржысын үнемдеп, нақты нәтиже көрсету міндетін қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экономика бюджетке емес, нарыққа сүйенуі тиіс – депутат Президент сұхбаты жайлы
Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Turkistan” газетіне берген дәстүрлі сұхбатына қатысты ойын айтты. Оның айтуынша, Президент жыл басын ауқымды сұхбатпен бастауды дәстүрге айналдырған, ал биылғы әңгімеде экономикалық мәселелерге ерекше назар аударылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент ұзақ мерзімді өсімге басымдық беруді міндеттеді – Олжас Бектенов
Президент біздің алдымызға ұзақ мерзімді нәтижеге баса мән бере отырып, даму қарқынын арттыру міндетін қойды. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетақы мен жәрдемақыға қомақты қаржы бөлінді
Жалпы 2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына республикалық бюджеттің шығыстары 6 трлн 833 млрд теңге сомасына көзделген, бұл 2025 жылғы шығыстардан 15,1% - ға немесе 897,7 млрд теңгеге артық. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемде: Мадуро соты, Ирандағы наразылық және АҚШ-тағы вакцина мәселесі
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Боран мен көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер қар жауып, боран соғуы, тұман түсуі, көктайғақтың пайда болуы және желдің дауылды деңгейге дейін күшеюі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды
Алматыда 30 желтоқсанда үйінен шығып, бір апта іздеуде болған 14 жастағы жасөспірім табылды. Бұл туралы "Қоғам" жасағы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада жүк көлігі өртке оранды
Астана қаласының Нұра ауданында Ш.Айтматов пен Сығанақ көшелерінің қиылысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда танымал шай брендтерінен қауіпті қоспалар табылды
Қазақстанда кейбір шай атауларына қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселелері талқыланды
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Іргебаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
ERG, KIA, Mars: Қазақстанда өнеркәсіп локализациясы өсіп келеді
Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға және транзитке баса ден қойған экономика ретінде қабылданып келгені рас.
-
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 6 қаңтарға арналған қалалардағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында жолда қалған 46 адам жылыту пунктіне жеткізілді
Республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты Ақмола облысының Есіл ауданында блок-бекетте жолаушылар автобусы тоқтап қалды. Автобуста 46 адам болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ұлыбритания балаларға зиянды тағамдарды жарнамалауға тыйым салды
Ұлыбританияда балаларға арналған зиянды тағамдарды интернетте жарнамалауға толық тыйым салынды, ал теледидарда мұндай жарнамалар тек кешкі сағат 21:00-ден кейін ғана көрсетіледі. Шара балалар арасындағы семіздіктің өсуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ DWпорталына сілтеме жасап.
-
"Өсім баяулайды". Азия даму банкі Қазақстан экономикасына болжам жасады
Азия даму банкі Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша 2025 жылға арналған экономикалық өсім болжамын 5,8 пайызға, ал 2026 жылға 5,0 пайызға дейін қайта қарады. Бұл туралы банктің Asian Development Outlook есебінде айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АҚШ-та балаларға міндетті вакциналар саны азайды
АҚШ-та балаларға арналған иммундау жөніндегі ұлттық ұсынымдар қайта қаралды. Нәтижесінде Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) балаларға міндетті түрде ұсынатын вакциналар саны 17-ден 11-ге қысқартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Алматылық оқушылар арасында экологиялық челлендж басталды
Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және цифрлық шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпы қалалық экологиялық челлендж басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Германияда 25 жылда алғаш рет поляктар жаппай елден кете бастады
Соңғы 25 жылда алғаш рет Германиядан кеткен поляктардың саны бұл елге көшіп келгендер санынан асып түсті. Бұл туралы rmf24 поляк радиостанциясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран билігі үкіметке қарсы наразылықтарды басуға тырысуда
Иран билігі үкіметке қарсы наразылықтарды басуға тырысуда, бірақ АҚШ-тың Венесуэладан Николас Мадуроны ұстап әкетуі елдегі алаңдаушылықты одан әрі күшейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
АҚШ баж салығынан 600 млрд доллардан астам пайда тапты – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың баж салығынан 600 миллиард доллардан астам пайда тапқанын және бұл көрсеткіштің алдағы уақытта өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ Бас хатшысы: АҚШ Венесуэлада халықаралық құқықты бұзды
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш 5 қаңтарда АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы халықаралық құқық нормаларын сақтамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Астанада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда
Астанада коммуналдық қызметтер қыс мезгілінің басталуына байланысты күшейтілген тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Қаланың жолдары мен тротуарлары қар мен мұздан күндіз-түні үздіксіз тазартылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
"Мен әлі де Венесуэла президентімін": Мадуро сотта мәлімдеме жасады
Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес Нью-Йорктегі федералды сотта өздеріне тағылған барлық айыптар бойынша кінәсін мойындамады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Наверх