Все новости за 19 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
"Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы" атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті
Қызылорда облысында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 95 жылдығына арналған «Еркін Әуелбеков: заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 15 облысында 20 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
Жетісай ауданына қарасты Алғабастағы өрт кезінде зардап шеккен ер адам ТЖМ тікұшағымен Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы финалда: көңіл күй қалай?
Қазақстан әйелдер гандбол құрамасының қақпашысы Дамира Жапарова команданың Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастық ойындарының финалына шығуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Ислам ойындарында үшінші орын алды
Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қауіпсіз жол": Ел жолдары бір апта бойы қатаң бақыланады
18-23 қараша аралығында республика аумағында жол-көлік оқиғаларының жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанға алғашқы Dreamliner ұшақтары 2026 жылы жеткізіледі
Дубай әуесалонында әлемдік жетекші ұшақ өндірушілері Boeing, Airbus және De Havilland компанияларымен келіссөздер өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа егіннен 2,6 млн тонна астық шетелге сатылды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметі бойынша, 2025 жылдың қыркүйегінен 13 қарашасына дейін жаңа егіннен 2,6 млн тонна астық экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары, ол кезде 2,2 млн тонна астық тасымалданған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қорғаныс министрі Түркияға ресми сапармен барды
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Түркия Республикасына ресми сапармен барып, бірқатар кездесулер өткізді. Министр әскери объектілерді, оқу мекемелерін және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы Маңғыстауға барды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен Парламент Сенатындағы ҚХА депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысындағы жолдарды дрондар бақылауға көшті
Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуына байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Жыл волонтері – 2025" сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 453 дәрінің бағасы арзандады
Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тиімділігін арттыру және оларға баға белгілеуді жақсарту үшін шаралар кешені қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Заң мен тәртіп: СҚО-да тағы бір "Жас сақшылар" сыныбы ашылды
Салтанатты шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйел "УЗИ" тексерісі кезінде бірден 9 балаға жүкті екенін анықтады
Жоспарлы ультрадыбыстық тексеру кезінде жүкті әйел бірден тоғыз бала көтеріп жүргенін білген, деп хабарлайды BAQ.KZ Al Arabiya-ға сілтеме жасап.
-
Зейнетақы жарналарын кім және қалай аударады
Көп адам міндетті зейнетақы жарналарын қалай және кім аударатынын білмей жатады. Қазақстанда бұл жүйе жұмыс істейтін формасына қарай өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық гандболшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалында ойнайды
Қазақстандық әйелдер гандбол командасы Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
-
"Мұғалімдердің арасында да бар": Депутат бір-біріне қысым көрсететіндерді заңмен реттеуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев ұжымдағы белгілі бір қызметкерге бағытталатын психологиялық қысым мен буллинг мәселесін реттейтін тетіктер енгізуге қатысты ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәрігер: Ана сүті – нәрестенің алғашқы вакцинасы
Ана сүті – жаңа туған сәбиге табиғат берген ең толыққанды әрі баға жетпес тағам. Оның нәрестеге пайдасы туралы Астана медицина университеті, Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрберген айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы жәрдемақы өседі: Кім қанша алады?
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш өседі. Биыл 1 АЕК 3 932 теңге болса, келер жылы ол 4 325 теңге, яғни 393 теңгеге өседі. Осыған байланысты елімізде жәрдемақы көлемі де артады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ипотекадан қалай үнемдеуге болады?
Қазақстанда ипотекалық қарызы бар азаматтарға арналған салықтық шегерім механизмі жұмыс істейді. Бұл мүмкіндік жеке табыс салығының мөлшерін азайтып, қолыңызға тиетін жалақыны көбейтеді. Енді бұл жеңілдікті кез келген банктен ипотека алған азамат пайдалана алады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы кептеліс жыры: Депутат бірнеше жоба ұсынды
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Алматы маңындағы созылмалы жол кептелісін жою бойынша Үкіметке шұғыл шара ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қолы байлаулы": Қарағандыда анасы 4 жасар баласына қатыгездік көрсетіп, үйге қамаған
Қарағандыда 4 жасар бала қатыгездікке ұшырап, қолы байлаулы күйде үйде қалған. Оқиғаны көршілер байқап, балаларды қорғау органдарына хабарлаған. Қазір бала әкесінің қамқорлығында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аймағамбетов дабыл қақты: Күй мен ырым-тыйым жоғалу алдында тұр
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын қорғау үшін жеке заң қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мектепте тұмау өршіді: 7 облыста қашықтан оқу жүйесі енгізілді
Елімізде 7 облыс бойынша 1469 сынып қашықтан оқуға көшірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде тұмаумен ауырғандар саны 1,5 миллионға жетті
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады
Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Табысты арттырып, инфляцияны төмендету: Бектенов экономикалық бағдарламаны таныстырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әкелердің декретке шығуы: еңбек өтілін қалай есептеу керек
2025 жылғы 19 қарашада Мәжіліс депутаттары Қазақстанда «декреттік» құқықтарды өзгертуі мүмкін жаңашылдықты талқылады. Бұл әкелерге берілетін бала күтімі уақытының зейнетақы есептеу кезінде еңбек өтіліне қосылуына қатысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа жобалар: Ақтөбе облысының инвестициялық портфелі кеңейіп келеді
Ақтөбе облысының инвестициялық портфелі жаңа жобалар есебінен кеңейіп келеді. Облыс әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өңірдің осы жылғы инвестициялық қызметінің нәтижесін таныстырып, құны 110 млрд теңгеден асатын 8 ірі жоба іске қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысында 186 жол жобасын іске асыруға 68 миллиард теңге бөлінді
Ақтөбе облысында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Олардың басты мақсаты — транспорттық қолжетімділікті арттыру және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жалақы және жұмыс: Депутат әйелдерге ұнайтын ұсыныс жасады
Мәжіліс депутаты Ажар Сағандыкова Қазақстандағы әйелдерге артылатын қосымша еңбек жүктемесіне назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан дипломдары шетелде де мойындалатын болды
Қазақстан Мәжілісi 2011 жылы 26 қарашада Токиода ЮНЕСКО қолдауымен қабылданған “Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын” ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2025 жылы Ақтөбе облысында 28 ауыл газдандырылады
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдегі негізгі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтып, су құбырын тарту, газдандыру және тұрғын үй құрылысы салаларын қамтитынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбеде УЕФА талаптарына сай жаңа футбол стадионы салынуда
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында әлеуметтік саладағы негізгі жобаларды таныстырып, өңірдің әрі қарайғы даму перспективасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Балалардың құқықтары қалай қорғалуда? – Астанада ауқымды жиын өтті
Бүгін Елордада «Балалардың құқықтарын қорғау: заңнан нақты іс-әрекетке» атты мемлекеттік органдармен бірге балалардың құқықтарының қорғалуы туралы талқыға түскен дөңгелек үстел болып өтті. Шараны Астана қаласы Білім басқармасы ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастырды. Не талқыланды, қандай келісімдерге қол жеткізілді, осындай сауал төңірегінде жауап іздейміз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылдан бастап ипотекалық сыйақы мөлшерлемесі LTV тәсіліне көшеді
Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ипотека бойынша шекті жылдық сыйақы мөлшерлемесінің әдіснамасы LTV тәсілі әдіснамасына көшетінін айтты. Банк төрағасы бұл қандай тәсіл екенін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістандағы апат: өрттің шығу себебі белгілі болды
Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Думан Қыдырмоллаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өрттен аман қалған үш адамның қазіргі жағдайы белгілі болды
Жетісай ауданындағы өрттен аман қалған үш адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мораторий: Енді коллекторлар мазаңызды алмайды
Проблемалық азаматтық несиелерді коллекторларға сату мораторийі 2027 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әкелердің декреттік демалысы: Еңбек өтілі мен зейнетақы қалай есептеледі?
Аймағамбетов декретке шығатын әкелер туралы айтты
-
Ақтөбе облысы ауылдық медицинаны ЖИ көмегімен жаңа деңгейге көтеріп жатыр
Ақтөбе облысы ауылдық медициналық мекемелер желісін кеңейтіп жатыр. Қазірдің өзінде 22 жаңа амбулаториялық пункт пайдалануға берілген, жыл соңына дейін тағы жеті нысан іске қосылады. Шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін мобильді дәрігерлік бригадалар ұйымдастырылған, ал диагностикаға жасанды интеллект технологиялары енгізілуде. Бұл туралы өңір әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк: Жыл соңына дейін теңге бағамына қауіп жоқ
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің нығаюы тек нарықтық тетіктердің – сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің нәтижесі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қысқартылған жұмыс уақыты: Кім 8 сағаттан аз жұмыс істей алады?
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кішкентай балалары бар ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында тұрғындар 20 жыл бойы сатып алған жерлерін ала алмай жүр
Алматы облысында 322 адам Қосөзен ауылынан сатып алған 10 сотық жерлерін ала алмай отыр. Сотта жеңгендеріне қарамастан, олар 20 жыл бойы өздеріне тиесілі жерді алмаған. Жәбірленушілер президентке хат жолдауды жоспарлап отыр, деп деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Әлі ерте": Жұманғарин кәсіпкерлердің салықтық бастамаларын сынға алды
Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен баспасөз брифингінде кәсіпкерлердің салықтық әкімшілендіруді қайта қарау жөніндегі ұсыныстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қаза тапқан фельдшердің отбасына қандай төлем беріледі? – Ресми жауап
Кеше Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі марқұмның жақындарына қандай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысы сапалы жолдардың үлесін 82%-ға жеткізді
Ақтөбе облысы жол инфрақұрылымының сапасын жүйелі түрде арттыруда. Соңғы үш жылда қаржыландыру көлемі 113 млрд теңгеден асты, 565 шақырым жол жөнделді, ал жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 66%-дан 82%-ға жетті. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында айтып, жақсарту жұмыстары республикалық және ауылішілік бағыттарға да қатысты екенін атап өтті. Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
-
Жаңа ереже: "Рассрочка" мен бірден төлеу бағасы ашық көрсетіледі
Үкімет пен қаржы реттеушісі маркетплейстер мен бөлшек сауда орындарына арналған жаңа талаптарды дайындап жатыр. Бұдан былай барлық жерде екі түрлі баға – "бірден төлеу" және "бөліп төлеу" құны міндетті түрде көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жұмыс уақытын қысқарту ұсынылды
Қазақстанда кішкентай балалары бар ата-аналарға қысқартылған жұмыс күнін енгізу мәселесін көтерілді
-
Жалақы қашан уақытылы төленеді? – Депутат халықтың жағдайын айтты
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы палатаның жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне жұмыс орындарында жалақының уақытылы төленбеуі, сондай-ақ жұмыскерлерді өндірістік жарақаттардан қорғау шаралары жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа жылдан бастап халықтың табысы инфляциядан жоғары 2–3%-ға өседі
2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3%-ға өседі. Бұшл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайған
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жұманғарин: 2026 жылы өндіріс көлемін арттыруға бағытталған жобаларды қолдаймыз
Үкіметтегі брифингте Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инфляцияны төмендету, валюта нарығын тұрақтандыру және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы айтты. Оның айтуынша, негізгі міндет – сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті жою және болжамды тарифтік саясат қалыптастыру, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұманғарин: Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттамайды
Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен баспасөз брифингінде азық-түлік бағасының маусымдық қымбаттауына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін қысқарады
Үкімет Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды шектеу және шығындарды бақылауды күшейту арқылы инфляцияны тежеуге ниетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы инвесторларға енді 25 жылға кепілдік беріледі
Қазақстандағы инвесторларға ірі жобалар үшін заңдардың тұрақтылығына 25 жылға кепілдік беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда орташа зейнетақы 142 744 теңге болды
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,5 трлн теңгеге зейнетақы төленді. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетақы 2028 жылға дейін қалай өзгереді
2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша мемлекеттік зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,4% көп. Болашақта да оның өсуі күтіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын қымбаттатпауға уәде берді
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетінің бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ипотекалық несиелер бойынша жаңа шешім: Ұлттық банктің басшысы түсіндірді
Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов елде ипотекалардың қалай берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауыл шаруашылығында терең өңделген өнім шығаруға басымдық беріледі – Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі инфляция деңгейін төмендету, оның ішінде отандық өндірісті кеңейту және жоғары өңделген өнімдер үлесін арттыру екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қияр мен қызанақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енуі мүмкін
Қызанақ пен қияр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енсе ғана олардың бағасы бақылауға алынады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналист сұрағына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызметте жарақат алып, қаза тапты: Депутат дәрігерлерді қорғау мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Палатаның жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдеріне жұмыскерлерді өндірістік жарақаттардан қорғау шаралары туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бектенов бензин мен дизельді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды
Премьер-министр отын балансы мен мұнай өнімдерінің ағынын қатаң бақылауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азық-түлік өндірісін арттыру инфляцияны төмендетеді
Олжас Бектенов инфляцияны төмендету үшін азық-түлік өндірісін арттыруға басымдық берілуі тиіс екенін атап өтті, джеп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Халықтың табысы артады": Үкімет жаңа үшжылдық жоспарын ұсынды
Үкімет отырысында Премьер-министр Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы Президент тапсырмалары шеңберінде еліміздің алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттерін шешуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әкелер де декреттегі уақыт үшін “стаж” жинай алады: Қазақстанда өзгеріс ұсынылды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов палатаның жалпы отырысында таныстырылған заң жобасында бірқатар маңызды әлеуметтік нормалар қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жекеменшік компаниялардың орташа жалақысы қандай
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында жекеменшік компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбекақы деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер жеткілікті болуы керек – Олжас Бектенов
Олжас Бектенов вирустық аурулар маусымында көмекке жүгінген азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бәйтерек" холдингінің жаңа рөлі: 2029 жылға қанша инвестиция тартылады
ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қазақстан жылына қанша инвестиция тартатынын және қандай көрсеткішке ұмтылып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда банктер біріксе не өзгереді?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстандағы синдикатталған кредиттеу туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аймағамбетов жұмысшының “өзін кінәлі” етіп шығаратындар туралы айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов палатаның жалпы отырысында жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасының маңызды тұстарын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жапонияда аю шабуылынан 12 адам қайтыс болды
Жапонияда соңғы 10 жылда аю шабуылдарынан зардап шеккендер саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі NHK-ға сілтеме жасап.
-
Қазақстанда азаматтардың жалақысына қатысты мәселе реттелуі мүмкін
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жалпы отырысында жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға арналған заң жобасын түсіндірді. Маңызды өзгерістердің бірі – жалақы мәселесі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аймағамбетов “отпуск” пен “декретке” қатысты маңызды өзгеріс болатынын айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов палатаның жалпы отырысында жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға арналған заң жобасын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Картоп бағасы тағы қымбаттады ма? - Үкімет жауабы
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Жапонияда ұшақ құлады, Ливанда әуе шабуылынан 13 адам көз жұмды, Сочиде атыс болды
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
БҚО-да колледж директоры жалған стипендиялар рәсімдеп отырған
ҚМА-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті білім беру саласында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алғабас ауылында қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі – Бозымбаев
Түркістан облысындағы жеке үйде болған өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Монако Князіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Ақтауда меценаттарға "Жомарт жан" сыйлығы табыс етілді
Қайырымдылық жасаудан таймайтын пейілі кең жандар дәстүрлі «Жомарт жан» сыйлығымен марапатталды. Салтанатты рәсім «Достық» үйінде өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, сенаторлар, жергілікті мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен волонтерлер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Инфляция мен Эпштейн ісі: Трамптың рейтингі күрт төмендеді
Reuters/Ipsos жүргізген жаңа сауалнамаға сәйкес, АҚШ президенті Дональд Трамптың мақұлдау рейтингі 38%-ға дейін төмендеп, ол билікке қайта оралғаннан бергі ең төменгі көрсеткішті тіркеді. Зерттеу америкалықтардың тұрмыс құнының өсуіне және марқұм миллиардер Джеффри Эпштейнге қатысты тергеуге байланысты наразылығын көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 19 қарашада еліміздің тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Алапат өрт 170 үйді күлге айналдырды: билік төтенше шаралар қабылдады
Жергілікті билік өкілдері мен құтқарушылар өртті сөндіру, қауіпсіз аймақтарды кеңейту және тұрғындарды орналастыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
-
Ливанда Израильдің әуе шабуылынан 13 адам көз жұмды
Ливанның оңтүстігіндегі Сидон қаласына Израиль әуе күштері жасаған шабуыл салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі Ливан Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан СІМ басшысы Азық-түлік ұйымымен ынтымақтастықты талқылады
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Венесуэла АҚШ-пен келіссөздерге дайын, ал Вашингтон қысымды күшейтуде
Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың кез келген өкілімен бетпе-бет сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді. Ол бейбітшілік пен диалогқа басымдық беретінін, соғысқа ешқашан бармайтынын айтты. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэлаға қарсы қысымын күшейткен тұста жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Қытай Ұлыбританияның тыңшылық жөніндегі мәлімдемесін жоққа шығарды
Қытай билігі Ұлыбританияның MI5 қарсы барлау қызметі таратқан ҚХР агенттерінің британ Парламенті қызметкерлерімен байланыс орнатуға тырысып жатыр деген ақпаратты "зиянды жала" деп атады. Бұл туралы Ұлыбританиядағы ҚХР Елшілігі жариялаған мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Бала жүрегіне шамшырақ жаққан жас ұстаз
Ұстаздық – әр баланың өміріне жол сілтейтін, жүрекпен атқарылатын қасиетті мамандық. Мұғалім тек пәнді оқытып қана қоймай, шәкірттің бойындағы ізгі қасиеттерді оятып, олардың сенімін арттыруға ат салысады. Осындай қасиетті мамандықты саналы түрде таңдаған жас педагогтардың бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылындағы №9 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ықбал Темірбайқызы Палуаниязова. BAQ.KZ тілшісі ауыл мұғалімінің еңбек жолымен, оның шәкірттеріне деген шынайы махаббаты мен жаңашыл сабақ әдістерімен танысып көрген еді.
-
Тұман, көктайғақ: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 19 қарашада еліміздің 14 өңірінде ауа райы нашарлап, тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
"Сылтау іздемеймін": Ислам Евлоев Эр-Риядтағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркия президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін, 19 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді. Бұл туралы TRT арнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх