Все новости за 15 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ҚТЖ қуаңшылық жайлаған өңірлерге шөп жібермек болған еріктілерден ақша талап етіп отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық еріктілер қуаңшылық өршіп тұрған елдің батысындағы шаруаларға шөп жібере алмай отыр. Жүкті тасымалдауға қолғабыс көрсетеміз деген «Қазақстан темір жолы» компаниясы, жүкті тасымалдау үшін еріктілерден ақша талап етіп отыр.
-
Ташкентте Орталық Азия халықаралық институты ашылды
Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. Ташкентте Орталық Азия халықаралық институтының ашылу салтанаты өтті. Мекеме өңірлік өзара іс-қимыл перспективаларын сараптамалық талқылау алаңына айналады.
-
Әкім: Әлеуметтік оңалту қызметтеріне сұраныс жоғары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды кешенді оңалтатын және оларды қарапайым әлеуметтік мәдени өмірге ықпалдастыратын белсенді шаралар қабылдануда.
-
ТЖМ басшысы қорғаныш құрылысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды.
-
Көпбалалы аналар тұрғын үй бөлу жөніндегі комиссия құрамына енгізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Даниал Ахметов қабылдауында болған азаматтардың өтінішін тыңдай келе, аталған мәселелер бойынша жауапты басқармалар мен қала және аудан әкімдеріне тапсырма берді.
-
Жеңіс Қасымбек облыстағы жол құрылысының барысын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Қарағанды мен Доскейде құрылыс және жол жұмыстарының барысын тексерді.
-
Ресейге алтын алып өтпек болған азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 шілдеде шекарашылар «Қайрақ» (Қостанай облысы) автокөлік өткізу пунктінде техникалық тексеру құралдарын пайдалана отырып, РФ аумағына бағыт алған «В» есімді Ресей азаматынан автокөлігінің шанағына жасырған жалпы салмағы 120 грамм қолдан құйылған алтын құйманы тапты.
-
Елорда да «Ustaz alany» ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жатуға арналған аспалы торы (гамак) мен жарқыраған орындықтары бар тұстар, түрлі инсталляцияларға арналған орын, балалар алаңы, мастер-класс өткізуге арналған кеңістік – осының бәрі елорданың мұғалімдер саябағында орнатылады.
-
Елбасы Әбсаттар қажының жақындарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
БҒМ: Талапкерлер назарына!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі талапкерлерге оқу грантына құжат тапсыру кезінде денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілмейтінін ескертеді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Медиа мамандарды тегін оқытатын сайт іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры медиа саласының мамандарына арналған мультимедиялық білім беру-ақпараттық платформасын іске қосты.
-
Орталық Азия және АҚШ. С5+1 форматындағы кездесу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді С5+1 форматында Орталық Азия елдері сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен АҚШ Әкімшілігінің өкілдері кезекті кездесуіне қатысты.
-
Трұмов Қарашөкеевке ұсыныс жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аймаққа жұмыс сапарымен келген ҚР ауылшаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевке ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс жолдады.
-
ДСМ Pfizer вакцинасы елімізге қашан жеткізілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Pfizer» компаниясымен 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды.
-
Республикалық волонтерлер слеті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Қапшағай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Asyl jurek» республикалық волонтерлер слеті өтті.
-
Елімізде ресейлік тағы бір вакцина тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 шілдеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Спутник Лайт» ресейлік вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді.
-
Қарағанды облысында 50 жұмысшы қаза тапқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ прокуратурасында жарақаттану туралы қылмыстық істерді тергеудегі заңдылықтың жай-күйі (2020 жыл және 2021 жылдың 6 айы бойынша), сондай-ақ олардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігі қаралды.
-
Жем-шөп үшін Үкімет 1,9 млрд теңге бөлді – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына екі күндік жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Қарақия, Түпқараған және Маңғыстау аудандарының мал өсірушілерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен және кәсіпкерлерімен кездесті.
-
Елімізде алғаш рет тағы бір әскери мереке аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің командалық пункттері мен басқару пункттері мамандарының күні.
-
Жыр жампоздары төр Алтайда бас қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы қарсаңында «Төр Алтай жырлайды» атты поэзия-фестивалі өтті.
-
Токио Олимпиадасына Алматыдан қанша спортшы баратыны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Олимпиада ойындарына баратын спортшыларға ақжол тіледі.
-
Жер мен мүлік салығы бірге төленеді – Кірістер комитеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер мен мүлік бір мүлік салығына біріктірілді. Енді үй мен жер үшін мүлік салығы сияқты бірыңғай сома төленуі керек, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
-
Мәжіліс депутаттары өндіріс орындарындағы кадр тапшылығы мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысындағы электр техникалық жабдықтарды өндіру зауытына барып, кәсіпорын басшылығымен проблемалық мәселелерді талқылады.
-
Грузияда Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты күдікті қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті грузиялық Бесик Тордуа қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik-georgia.ru хабарлады. Грузия азаматы 26 жастағы қызды зорлады және өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп күдікке ілінген болатын.
-
Халықтың 80%-ы қазақ тілінде ақпарат алғысы келеді – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында министр Аида Балаева мемлекеттік органдарды қазақ тіліндегі ақпараттарға баса мән беруге шақырды.
-
Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында бағаны шарықтатпауды сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт күндері бағаны шарықтатпауды сұрады. Кәсіпкерлерге өтініш айтқан діни басқарма басшысы кәсіпкерлерді игі іске мұрындық болуға шақырды.
-
Президент Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті шығыстанушы және дінтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, дипломат Әбсаттар қажы Бағысбайұлы Дербісәлінің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
-
Ішкі туризм: Павлодар облысында сапбординг дамуда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында судағы ішкі туризм бірдіндеп дамып келеді. Биылғы жазда жас кәсіпкерлердің бірі Ертіс өзенінде үрлемелі тақтайшамен жүзу демалысын, яғни, сапбордингті дамытуды қолға алды.
-
15 мыңнан астам азамат әскери қызметке қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен көктемгі әскерге шақыру кампаниясы қорытындыланды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Қайтыс болған адамның атынан құрбандық шалуға бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көпшілікті мазалайтын бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. Діни басқармасының басшысы бұған шариғат тұрғысындағы көзқарас туралы айтты.
-
Алматыда жер сілкінді
Алматы, BAQ.KZ. «ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2021 жылғы 15 шілдеде Алматы уақытымен 14 сағат 48 минутта сезімталдығы жоқ жер сілкінісін тіркеді.
-
Еркебұлан Шәріпханов. «Қайнар қасіреті». Рымғалидың орындалмай қалған өсиеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еркебұлан Шәріпханов – ШҚО Абыралы ауданының бұрынғы әкімі. Бозоқ қалашығынан Жидебайға дейінгі сапарымызда бізді Қайнар ауылынан күтіп алып, Тоқтамыс ауылына дейін жолбасшы болып барған еді.
-
ҚМДБ биыл Құрбан айт намазы қалай оқылатынын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин жағдайында айт намазының оқылуы туралы мәлімдеді. Бас мүфтидің айтуынша, 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
-
Алматыдағы медициналық мекемелерге 889 млн теңге айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Алматы тұрғындарына көрсетілген медициналық көмек сапасын бақылау барысында 10 мыңнан астам қызметтің түрлі кемшіліктермен көрсетілгені анықталды. Нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелеріне 889 млн теңге айыппұл салынды. Бұл турады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.
-
ҚМДБ төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ғалым, дін қайраткері Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына, барша мұсылман қауымға көңіл айтты.
-
Президент сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының шешімімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шуxрат Данбай қызметінен босатылды.
-
Бас мүфти: Биыл құрбандық шалу онлайн түрде өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді. Ол биылғы жылы 20-22 шілдеге сәйкес келіп тұрған Құрбан айт мерекесінің өткізілуіне тоқталды.
-
ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады.
-
Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құнды жәдігерлер табылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын жаңалық ашатын шығысқазақстандық археологтар жақында Қазақстанның ежелгі тарихын қайта парақтайтын жәдігерлер тапты.
-
Электронды үкімет порталы қайта құрылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы Арман Әбдірасылов Электронды үкімет порталы модернизацияланатынын мәлімдеді.
-
Балаева «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшыларына ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Электорнды «Ашық үкімет» порталы 7 шілдеден бері істен шыққан. Бұл туралы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.
-
Вакцинациясыз жұмысқа кіргізбейтін мекемелер тізімі бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша міндетті вакциналау белгіленген ұйымдардың тізімі мен екпе жүргізу мерзімі бекітілді.
-
Биылғы маусымда Лионель Месси Барселонада қала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барселона шабуылшы Лионель Месси клубпен жаңа келісімшарт жасасып, принципті келісімге келді. Келісімшарт уақыты бес жылға созылады. Бұл туралы Sport.es хабарлады.
-
ҚТЖ филиалдарының бірінің департамент басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.
-
Шығысқазақстандық агрономдар дақылдың жаңа түрін өсіріп жатыр
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде осы бағытта жұмыс істеп жатқан шығысқазақстандық агроном-ғалымдар бидай мен қарабидайдың бірнеше қыстық сұрпын саралап алды.
-
Әсел Айтпаеваның өлімі. Күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның өліміне қатысы бар делінген күдікті Мұрат Мейірбековті қамау мерзімі ұзартылды.
-
Алматы тауларында адасып кеткен туристер үшін паналау орны салынады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Адамдардың салауатты өмір салтын сақтап, таулы жерге көптеп шығып жатқаны қуантады. Дегенмен таудағы қауіпсіздік мәселелерін естен шығармауымыз керек. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марлен Маралов онлайн брифингте айтты.
-
Маңғыстаулықтар жаппай вакцинациядан өтіп жатыр
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстаулық тұрғындардың вакцина алу бойынша белсендігі күшейген. Кез келген қала тұрғыны емханаларға келіп, таңдаған вакцинасын еге алады.
-
Қазақстанда міндетті вакцинациялау мерзімі белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас санитарлық дәрігер Қазақстанда қызметкерлер үшін міндетті вакцинацияның жаңа мерзімдерін белгіледі.
-
ДДСҰ: Дельта штамы қысқа уақыт ішінде 111 мемлекетте таралып үлгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Короновирустың ең көп таралған «дельта» нұсқасы 6 шілде мен 13 шілде аралығында 111 елде анықталып үлгерді. Бұл туралы ДДСҰ хабарлады.
-
Вакцина салдырмауға кімдер құқылы?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вакцинациялаудан медициналық босату туралы анықтаманы тек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары немесе сауда ойын-сауық орталықтарындағы вакцинация пункттері ғана бере алады. Дәрігер Әйгерім Бекежанова осылай деп отыр.
-
БҒМ педагогтерге арналған тегін цифрлық курстар әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігінде мектеп педагогтері үшін тегін цифрлық курстар әзірленді. Онлайн-курстар 2 тамызда басталып, 31 қазанға дейін жалғасады. Оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері де қатыса алады.
-
Шығыста шөп шабу науқаны қарқын алды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Малдың қысқы азығын дайындау науқанын бастап кеткен өңір шаруалары биыл пішен түсімінің өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда мол болатынын айтып отыр.
-
Елордада 17 шілдеден бастап дәмханалар мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды. Жаңа шектеулер 17 шілде күні күшіне енеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Бас мүфти: Әбсаттар қажы Дербісәлінің қазасы – барша мұсылман қауымының ортақ қайғысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әбсаттар қажы Дербісәлінің қазасына байланысты марқұмның отбасына, барша мұсылман қауымына көңіл айтты.
-
Сыр өңірінен солтүстікке 563 oтбаcы қoныc аударды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 7 жылда солтүcтiк өңірлерге 563 қызылордалық отбасы қоныстанып, еңбек етуде. Ал былтыр тағы 114 отбасы солтүстік аймақтарға көшіп барды.
-
Дәрігерлер әжесін қарақшыдан қорғаймын деп жараланған баланың бүйрегін алып тастауға мәжбүр болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір бала ауруханада жатыр, жағдайы ауыр.
-
Елордада демалыс күндері автобус жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Тиісті қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қол қойды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Тобылда өрт-құтқару спорты бойынша чемпионат басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 шілдесінде Қостанай облысы Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында ерлер мен әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.
-
Сағынтаев азық-түлік бағасын қалай ұстап тұруға болатынын айтты
Алматы, BAQ.KZ. «Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берген мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары туралы айтты.
-
Мырзағалиев азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.
-
Роспотребнадзор міндетті вакцинациялау бойынша тексерісті бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Роспотребнадзор, бүгіннен бастап, Мәскеудегі кәсіпорындардың қызметкерлерін міндетті вакцинациялау бойынша тексере бастайды.
-
70 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-дан төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 70,3 мың адамды құрады. Бұл ретте биылғы жылы 47 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.
-
Сағынтаев Жетісу ауданы әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасын іске асырудың, абаттандырудың және әлеуметтік нысандарды салудың барысымен танысты.
-
Белгілі дінтанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым, Әбсаттар қажы Дербісәлі өмірден озды.
-
Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Елде 4,7 млн-нан астам адам вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 15 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
КВИ мен пневмониядан 57 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 15 шілдедегі ақпаратты жариялады.
-
Германияда елді мекендер су астында қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның бірнеше өңірінде шелектеп жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өткен тәулікте 2756 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2756 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 5314 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 5314 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Шымкентте 50 көшеге QR-коды бар тақтайшалар орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 50 көшеге QR-коды бар тақтайшаларды ілу жұмыстары жүргізілуде, деп жазды otyrar.kz.
-
Медсақтандыру: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қарағандылықтардан 12,3 млн теңгеден астам қаражат түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының 11 мыңнан астам тұрғыны медициналық сақтандыру қорына бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлейді. Маусым айында олардан қорға 12,3 млн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл туралы Медсақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
-
Францияда Google-ге 500 млн еуро көлемінде айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның монополияға қарсы қызметі америкалық Google компаниясына Google News қызметіндегі авторлық құқықты бұзғаны үшін 500 млн еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
-
Елордада карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Қаулы 17 шілдеден бастап күшіне енеді.
-
Қызылорда облысында 344,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақта жыл басынан бері 344,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Яғни көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай мәлімдеді.
-
Петропавл тұрғыны интернет-алаяққа алданып, 2 млн теңгесінен айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл тұрғыны интернет-алаяққа алданып, екі миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қазақстанда Малшылар күні кәсіби мерекесі атап өтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет басшысының қаулысымен Малшылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтетін болды.
-
Елімізде 5 айда жұмыссыздардың саны өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 5 айда елімізде жұмыссыздар саны 38%-ға өскен. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жазылды.
-
Ресейде жасөспірімдерді вакцинациялау қыркүйекте басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде жасөспірімдерге коронавирустық вакцинация 20 қыркүйекке дейін басталады, деп хабарлайды NEGE.
Наверх