Балаева «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшыларына ескерту жасады

15 Шілде 2021, 14:03
2039
Бөлісу:
Балаева «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшыларына ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Электронды «Ашық үкімет» порталы 7 шілдеден бері істен шыққан. Бұл туралы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. 

Онлайн жиын кезінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының техникалық кінәратынан ақпараттарды сала алмай отырғанын айтты.
Алдымен, «Ашық деректер» порталын ақпаратпен қамтамасыз ету туралы айтсақ. Қазіргі кезде портал 87,2 пайызға қамтамасыз етілген. Біздің облыс бойынша әзірге 9 дерек толықтырылмаған. Оған себеп порталдың техникалық ахауларға байланысты қолжетімсіздігі болып отыр. Мәселе «Ұлттық ақпараттық технологияларға» қатысты ғой. 7 шілдеден бері портал істемей тұр. Әйтпесе, ақпаратымыз дайын. Егер портал іске қосылса, бірден енгіземіз, - деді Дәулет Кәрібек.

Осыдан соң, министр Аида Балаева 8 күннен бері порталдың жұмыс істемей тұрғанына байланысты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басшыларына ескерту жасады.

Олар бір-екі күнде порталды іске қосуға уәде етті. 

Айта кетейік, бүгін министрліктің ұйымдастыруымен онлайн түрде Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы